ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ КҮШІНЕ ЕНУІНЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛУІНЕ ЗАҢДЫҚ ТАЛДАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Authors

  • Simbat Kenzhebekovich Ukin
  • Nurzhan Saulen

DOI:

https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_42

Keywords:

normative legal act, law, promulgation, entered into force, application

Abstract

Бұл мақалада авторлар нормативтік құқықтық актілерді іске асыру мәселелерін баяндайды. Мақалада Қазақстан Республикасында қалыптасқан нормашығармашылық және құқық қолдану практикасы заңның немесе өзге де актінің күшіне енуі әлі де осы актіні басшылыққа алуға болатынын білдірмейтінін көрсетеді. Бұл ретте мақалада кеңес уақыты кезеңінде Қазақстанның заңнамалық актілерінде белгілі бір заңнамалық актіні қолданысқа енгізудің нақты күндерін көрсете отырып, «қолданысқа енгізіледі» терминологиясы пайдаланыла бастағанына назар аударылады.

Авторлар, егер заң Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енсе, онда бұл, біріншіден, заң шығару процесінің барлық сатыларынан өткенін және қабылдау рәсіміне байланысты түпкілікті заңды нысанды - Конституциялық заңның немесе Кодекстің немесе заңның өзін, екіншіден, мемлекет басшысы заңды мақұлдағаннан кейін заңның барлық қажетті деректемелерімен ресми сипатқа ие екенін білдіреді.

Заңның немесе өзге де актінің күшіне енгізілуіне келетін болсақ, бұл авторлардың пікірінше, заң заңды күшіне ие болып қана қоймай, құқық беру, міндеттерді жүктеу және құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікті белгілеу арқылы құқықтық реттеуге жататын қоғамдық қатынастарға да ықпал етеді. Сондықтан мақалада заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу ғана заңды қолданудың ғана емес, сонымен қатар барлық өзге нысандарда іске асырудың құқықтық негізі болып табылатыны атап өтіледі.

Бұдан басқа, авторлар қоғамдық қатынастарды неғұрлым тиімді құқықтық реттеу мақсатында мынадай сипаттағы ұсыныс енгізу қажет екендігін атап өтеді: заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні олар күшіне енгенге дейін қолданысқа енгізбеу, заң немесе өзге де акт күшіне енгеннен кейін немесе бір мезгілде қолданысқа енгізу.

Published

30.09.2020

How to Cite

Ukin С. К., & Saulen Н. (2020). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ КҮШІНЕ ЕНУІНЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛУІНЕ ЗАҢДЫҚ ТАЛДАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. Scientific and Legal Journal «Bulletin of the Institute of Legislation and Legal Information of the Republic of Kazakhstan», 4(62). https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_62_4_42