ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРОӨНДІРІСТІК КЕШЕНІН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_73_2_243Кілт сөздер:
мемлекеттік басқару, құқықтық реттеу, аграрлық саясат, мемлекеттік қолдау, ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп кешеніАңдатпа
Зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мемлекеттік басқару мәселелерінің өзектілігін тұжырымдайды. Мақалада еліміздің аграрлық сала секторын мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерінің тұжырымдамасы берілген. Зерттеуде ауыл шаруашылығы өндірісі саласындағы мемлекеттік басқарудың қазіргі заманғы ғылыми теорияларына жан-жақты талдау жасалған: негізгі анықтамалары берілген, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік басқарудың қағидалары мен әдістерінің жіктемелік үлгі моделдері қарастырылған.Бағдарламалық құжаттар негізінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың қазіргі заманғы тұжырымдамасына талдау жүргізілді, жүргізіліп жатқан реформалар барысында трансформациялық процестерге назар аударылды, мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау басты заманауи жаңашылқдық тренд болып табылады. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы мемлекеттік бағдарламаның негізді мұрагері ретінде мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық тәсілді имплементациялай отырып, жобалық басқару тетіктерін пайдалана отырып іске асыруға арналған.Мақалада мемлекеттік органдардың құзыретін неғұрлым дәл бекіту, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруды жүргізу және соның салдарынан мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін және олардың басқарудың барлық деңгейлеріндегі жауапкершілігін арттыру үшін заңнамадағы заңды терминдердің мәні мен мазмұнын нақты түсінудің орынды екені туралы қорытынды жасалды. Мемлекеттік қолдау институтына кешенді сипаттағы мемлекеттік реттеу тәсілдері ретінде тиісті мән берілді. Мемлекеттік менеджментті зерттеу парадигмасында Әкімшілік реттеу басқару құрылымдарының өкілеттіктерімен және тыйым салу, авторизациялау және мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігімен тікелей байланысты әсер ету әдісі ретінде ерекше маңызға ие. Зерттеуде мемлекеттің аграрлық саясатын АӨК-ді сапалы реформалауға сындарлы бағдарлау мен конструктивті бағыттау қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.