ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_59Кілт сөздер:
құқықтық реттеу, денсаулық сақтау, COVID-19, пандемия, төтенше оқиға, төтенше жағдай, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықАңдатпа
Мақалада коронавирустық инфекция және басқа да жұқпалы аурулар пандемиясы жағдайында Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру мәселесі зерттеледі. Жалпы және арнайы ғылыми әдістердің негізінде пандемия жағдайында денсаулық сақтау жүйесін құқықтық реттеу дискурсы ұсынылған. Коронавирус факторы пандемия жағдайында қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің трансформациясын заңдастыру қажеттілігін күшейтті, өйткені қолданыстағы нормативтік-құқықтық база денсаулық сақтау жүйелерін реттеуді қамтамасыз етуге жауапты құқықтық тетіктердің жетілмегендігін көрсетті. Құқықтық тетіктерді тиімді пайдалану халықаралық-құқықтық және конституциялық қағидаттарға негізделген заңнамалық базаның демократиялық деңгейіне байланысты.
Зерттеудің негізгі ғылыми гипотезалары ТЖ жағдайында басқарушылық және заңнамалық деңгейде нормативтік-құқықтық реттеу шешімдерін талап ететін денсаулық сақтау жүйесінің мәселелерін негіздейді. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдай туралы, Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы талданған. Төтенше жағдайлар кезінде санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы шараларды қолдану және талаптарды іске асыру мүмкіндігін тікелей көрсету бөлігінде Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы туралы заңнама нормалары мен төтенше жағдай туралы заңнама нормалары арасында тікелей байланыстың болмауы анықталды. Коронавирустық инфекцияның таралуы кезіндегі қоғамдық қатынастардың әмбебап реттеушісі ретіндегі құқықтың шешуші рөлі туралы қорытынды жасалды, болашақта пандемияның алдын алуда құқық ресурстарын пайдалану қажеттілігі негізделген. Қазақстанның ұлттық денсаулық сақтау жүйесі, жалпы мемлекеттік басқару жүйесі сияқты, заңнамалық актілерді орындау үшін заңға тәуелді нормативтік актілерді жасау арқылы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге уақтылы ден қоюды қамтамасыз етуге қабілетсіздігін көрсетті. Бұл жағдай төтенше оқиға жағдайында қоғамдық қатынастарды құқықтық регламенттеу шараларының тиімді кешенін құру жөнінде шаралар қабылдау үшін негіз болып табылады.