МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ТІЛІ МЕН СТИЛІ: ҒЫЛЫМИ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_182Кілт сөздер:
халықаралық шарт, мемлекеттік тілдегі құқықтық база, ғылыми лингвистикалық сараптамаАңдатпа
Қазақстан Республикасының басқа шет мемлекеттермен жасалатын халықаралық шарттары мемлекеттілігімізді көрсететін жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық акт болып табылады. Осындай актілердің ағылшын тілінен орыс тіліне, одан кейін ғана мемлекеттік тілге аударылатыны шындық. Өйткені ағылшын тілі халықаралық қатынас тілі болып табылады. Халықаралық шарттарда реттелетін салалар да алуан түрлі. Ағылшын тіліндегі халықаралық шарттардағы заң техникасының өз ерекшеліктері бар. Оларды орыс тіліне аудару кезінде басшылыққа алынатын ағылшын тілінің ерекшеліктері дәлме-дәл сақталады, нәтижесінде мемлекеттік тілдегі халықаралық шарттардың сапасы орыс тіліне тәуелді болады. Сондықтан мемлекеттік тілдегі халықаралық шарттарды лингвистикалық талдау кезінде орын алған стилистикалық және пунктуациялық қателерді анықтау және олардың алдын алу мақсатында жүргізілетін лингвистикалық сараптаманың маңызы зор.
Сондай-ақ бүкіл нормативтік құқықтық актілер алдымен орыс тілінде жазылып, кейіннен қазақ тіліне аударылатыны құпия емес. Бұл ретте орыс тіліндегі мәтін әбден жетілдіріліп, пысықталып, бірнеше рет оқылып, егжей-тегжейлі зерделеніп болған соң ғана қазақ тіліне аудару мәселесі туындайды. Әрбір нормативтік құқықтық актінің екі тілдегі мәтінінің теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз етуге жауапты орталық мемлекеттік органның қазақ тілін меңгерген қызметкері белгілі бір құқықтық актіні қазақ тіліне аударатыны сөзсіз. Бұл ретте оның қазақ тілінің тілдік ерекшеліктерін білуі не білмеуі ешкімді ойландырмайды. Тіпті ол қызметкердің мәтінді қайта оқып шығуына да уақыт жеткіліксіз болуы әбден мүмкін, себебі орыс тіліндегі мәтінді жетілдіруге көп уақыт беріледі.
Мақалада мемлекеттік тілдегі бір халықаралық шартты талдау арқылы стилистикалық және пунктуациялық сипаттағы қателердің орын алғаны туралы айтылады.