ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМА НОРМАЛАРЫНЫҢ САНКЦИЯЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_151Кілт сөздер:
жаза, санкция, нормалардың құрылымы, жаза түрлері, бас бостандығынан айыру, негізгі жазалар, қосымша жазалар, жаза мөлшеріАңдатпа
Қылмыстың заңнамалық бекітілуі және әрекеттің жазалануы қылмыстың алдын алу жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Әлем өзгеруде, өзгерістер қоғамдық өмірдің барлық салаларында – саясатта, экономикада, соның ішінде қылмыс саласында да болып жатыр. Бұл қылмыстық заңнама нормаларын үнемі жетілдіру қажеттігін талап етеді. Ұсынылған өзгерістер баптардың санкцияларының құрылымына қатысты.
Екі модель ұсынылады: біріншісі – жазаның барлық түрлерін жазаның түрлерін көздейтін тиісті баптарға ауыстыру (Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлік нормаларынан Жалпы бөліке) және екіншісі – Ерекше бөліктің әр тарауында жазаның түрі мен мөлшерін көрсете отырып, жеке норманы бекіту.
Қосымша жазаларды қолдану үшін, жоғарыда ұсынылған үлгілерді таңдауына қарамастан, Ерекше бөліктің әрбір тарауында соттар қосымша жазаларды тағайындауға міндетті немесе тағайындай алатын нормаларды көрсете отырып, бап көздеу қажет.
Мұндай тәсіл соттарға бірыңғай және әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді, қылмыстық процеске қатысушылардың барлығы тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға ықпал етеді, адамдардың сот төрелігіне деген сенімін нығайтады, бұл сот төрелігі органдарының қызметіне оң әсер етеді.
Адамзат дамуының қазіргі кезеңіндегі цифрлық технологияларды енгізу динамикасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына бапта ұсынылған өзгерістер қылмыстық заңнаманы цифрландыру үдерісін жеңілдетуге және тиімдірек енгізуге мүмкіндік береді. Яғни, олар қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау процесін, жазаның қажетті түрі мен мөлшерін таңдауды және т.б. жеңілдетеді. Әсіресе, іске асыру жоспарланған немесе жекелеген шет елдерде енгізілген «жасанды интеллект» бар компьютерлік бағдарламаларды пайдалану кезінде.