ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_250Кілт сөздер:
Конституция, конституциялық реформа, адам құқықтары, референдум, Президент, Парламент, Конституциялық СотАңдатпа
Мақала 2022 жылғы конституциялық реформа барысында Қазақстан Республикасының саяси жүйесін жаңғырту сипаттамасына арналған. Конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздерімен ерекшеліктері талданады. Құқықтық дамудың қазіргі кезеңіндегі конституциялық реформалардың мәні мен маңызы ашылған. Автордың пікірінше, конституциялық реформалардың сәттілігі ықтимал құқықтық тәуекелдерді ескере отырып, оларды іске асырудың барабар тетіктерін таңдауға байланысты. Осыған орай мақалада конституциялық-құқықтық даму мен реформалаудың негізгі тетіктері мен бағыттары қарастырылады.
Мақала аясында Конституция мен саяси реформалардың негізгі бағыттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мысалы, суперпрезиденттік модельден президенттік республика моделіне түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін арттыру, халықтың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту мәселелері талқыланды.
Конституцияның 6-бабында Қазақстанның негізгі байлықтарының халыққа тиесілі екені туралы норма қоғам үшін аса маңызды мәселе болды. Оны шешу үшін Конституцияда жер мен оның жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі деп бекітілді. Бұл мәселе соңғы бірнеше жылда халық үшін өзекті болатын.
Қазақстан үшін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу жаңа саяси тәжірибе болып табылады. Еліміз үшін Негізгі заңға енгізілген өзгерістердің маңызы зор. Конституцияға енгізілген түзетулер негізгі саяси институттардың құрылымдық өзгерістерін қамтиды.