АЗАМАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА ҚАТЫСУ НЫСАНДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_218Кілт сөздер:
азаматтардың мемлекеттің істеріне қатысуы, биліктің бөлінуі, азаматтардың саяси құқықтарыАңдатпа
Мақалада еліміздегі әлеуметтік коммуникация тетіктерінің жетілдірілуіне және заманауи технологиялардың дамуына байланысты қалыптасқан азаматтардың мемлекет істеріне қатысу нысандары қарастырылған. Азаматтардың мемлекет істеріне қатысу нысандарын биліктің үш тармақтары бойынша саралау тиімділігі анықталған. Жасалған талдау негізінде мақалада қарастырылатын конституциялық құқықты жетілдірілуі тиімді үрдіс болып табылатындығы және өз тиімділігін дәлелдегендігі туралы айтылған.
Автордың пайымдауынша, азаматтардың мемлекет істеріне қатысудың жаңа нысандарының қалыптасуы қоғамда орын алған саяси үрдістерге барынша көп адамдардың тартылуына ықпал етеді. Бұл нәтижені Қазақстан Республикасында халық билігін жүзеге асыру қағидаттарының дамуына ықпал етуші фактор ретінде оң бағалау керек. Заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму заманда мемлекетке «кері байланыс» арналарынан халықтан түсетін сауалдарды қабылдап, өңдейтін, сонымен қатар, оларға тез арада жауап беруді қамтамасыз ететін барынша жаңа технологиялары пайда болды. Коммуникация құралдарының, нақты айтқанда дамуы Интернет желісінің дамуы азаматтардың мемлекет істеріне қатысудың жаңа нысандарының енгізілуіне, ал қолданыстағы нысандардың жетілдірілуіне ықпал етеді, олардың сипаттамалары келесідей: көпшілік билігінің өкілдері қоғамға жақындай түсті, осыған дейінгі ара қатынастарда орын алған коммуникация лық кедергілер жойылды, тұрғын халықтың барынша көп саны басқару үрдісіне тартылуда.
Сонымен қатар, автор мақалада жергілікті деңгейде партиялардың қызметі азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асырылуының кепілдіктерінің бірі болып табылады, себебі халық партия өкілдерін өзі сайлайды деген пікір келтірген.