ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІН ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_72_1_214Кілт сөздер:
бағалау қызметін құқықтық реттеу, бағалау қызметі саласындағы өзін-өзі реттеу, бағалау қызметі, бағалаушылар палатасы, бағалаушы, бағалау қызметінің стандарттарыАңдатпа
Бағалау қызметі нарықтық саясаттың қажетті құралы және толыққанды экономикалық институт болып табылады. Қазақстанда көрсетілген қызмет түрін құқықтық реттеу басқарудың жария-құқықтық тәсілдерінен (мемлекеттік реттеу) басқарудың жеке-құқықтық (өзін-өзі реттеу) тәсілдеріне біртіндеп көшумен сипатталады. Осы зерттеу теориялық аспектілерді анықтауға және Қазақстандағы бағалау қызметін өзін-өзі реттеу институтын регламенттейтін құқықтық нормалар жүйесін белгілеуге бағытталған. Мақалада оны реттеудің ұлттық жүйесінің қалыптасуына ретроспективті талдау келтірілген. Бағалаушылардың қызметі 1995 жылы бағалау жөніндегі мекемелердің құрылуынан өзінің құқықтық бекітілуін алғаны, кейінірек 2000 жылы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттеудің жүйелілігі құрылғаны, ал 2018 жылы оның жаңа редакциясы қабылданғаны анықталды.
Бағалау қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, теория оны реттеудің балама әдістерін қолдануға бейім. Алайда, бастапқыда отандық реттеу билік органдарының деңгейіне (лицензиялау, мемлекеттік бақылау) бағытталған. Кейінірек кәсіби өзін-өзі реттеу элементтері енгізіле бастады: кәсіби жауапкершілікті міндетті сақтандыру және бағалаушылар палатасына мүшелік енгізілді. Ресми түрде бағалау қызметін өзін-өзі реттеу институты мамандыққа кірудің лицензиялық тәртібі ұйымішілік біліктілікке ауыстырылған кезде және бағалаушылар палаталары нормативтік және бақылау функцияларын алған кезде заңның жаңа редакциясында бекітілді. Жұмыс барысында бағалаушының құқықтық мәртебесіне қатысты құқықтық қайшылық анықталды, өйткені бағалау қызметін кәсіпкерлік қызметке жатқызудың заңнамалық алшақтығы бар.
Осы зерттеудің негізгі нәтижесі бағалау саласындағы қатынастарды реттеудің ерекшеліктерін түсінудің теориялық тәсілдерін белгілеу, бағалау қызметін өзін-өзі реттеу тетігін толыққанды регламенттеу жолында ұлттық заңнамадағы өзгерістердің реттілігін анықтау, оны құқықтық реттеудің кемшіліктерін анықтау, сондай-ақ оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.