АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСІ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_224Кілт сөздер:
атмосфералық ауа, құқықтық қорғау, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, қоршаған орта, заңнамаАңдатпа
Атмосфералық ауа қоршаған табиғи ортаның негізгі өмірлік маңызды компоненттерінің бірі болып табылады, оның қолайлы жағдайы елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының табиғи негізін құрайды. Атмосфералық ауаны қорғау – заманауи өзекті міндеттердің бірі, оны шешуді кейінге қалдыруға болмайды, өйткені ауа – Жер бетіндегі барлық дерлік тіршілік иелері үшін өмірдің қажетті шарты. Мақалада атмосфералық ауа Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі бойынша құқықтық қорғау объектісі ретінде қарастырылады. ҚР Экологиялық кодексі қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық тәртіпті нығайту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік-экономикалық міндеттерді теңгерімді шешуді, қолайлы қоршаған ортаны, биологиялық әртүрлілікті және табиғи ресурстарды сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін айқындайтыны белгілі. Атмосфералық ауаны қорғау ҚР Экологиялық кодексінің негізінде жүзеге асырылады, алайда осы нормативтік акт бұл функцияны толық көлемде орындамайды. Атмосфералық ауаны қорғауға қатысты оның құрамында тек жалпы және жеке нормативтік ережелер бар, оны тәуелсіз табиғи объект ретінде зиянды әсерлерден қорғауға арналған қалған нормалар тиісті тақырыптық бөлімдер мен тараулардың контекстін ескере отырып қайта бөлінген. Ішкі келісілген және жүйеленген акт ретінде ол атмосфералық ауаны қорғауға қатысты қатынастар тобын толық реттеуді қамтамасыз етпейді, сонымен қатар оның ережелерін басқа заңдарда одан әрі нақтылау қажеттілігін жоққа шығарады. Сондықтан қаралып отырған саладағы нормаларды оңтайлы жетілдіру мақсатында атмосфералық ауаны қорғауды ұйымдастыру туралы заңды түрде бекітілген түсінікті қайта ойластыру қажеттігіне және осы аспектілерді қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде әзірленіп жатқан Экологиялық кодекстің жаңа редакциясының жобасында не мүмкін болмаған жағдайда арнайы нормативтік акт шеңберінде толықтыру ретінде ескеруге назар аударамыз.