АБАЙДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ИДЕЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОҒАМДА ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_23Кілт сөздер:
құқық, заң,, адам құқығы, адамгершілік, нигилизм, құқықтық мемлекет, демократия, парламент, азаматтықАңдатпа
Мақалада Абайдың құқықтық көзқарастары мен идеяларын қазіргі кездегі қоғамдық құқықтық мәдениетті дамытуға, сонымен қатар адам құқығын қорғауда қолдану қажеттілігі баяндалады. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, аталған мәселелерге қатысты ғылыми-әдіснамалық ұсыныстар беріледі. Зерттеу жұмысының пәні - адамгершілік, демократиялық, адамсүйгіштік қасиеттерді Абай идеялары арқылы дамыту. Мақалада Абай шығармашылығының кез келген адамның дүниеге көзқарасын, болмысын, азаматтық ұстанымын қалыптастыратыны баяндалады. Сонымен қатар мақалада Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасындағы құқықтық мемлекет қақында айтылған ойлары əлі зерттелмеген тың тақырып екендігі айтылады. Тақырыптың мазмұнын ашуда Абай шығармалары сараланып, оның теориялық негіздерін қазіргі кезеңдегі құқық саласында қолдану үшін салыстырмалы талдау жасалды, Абай шығармаларының құқықтық тұстарын насихаттау үшін сауалнама жүргізіліп, әртүрлі нысандағы іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп, оның нәтижелері мақалада сараланады. Зерттеу нәтижелері аталған тақырып бойынша толыққанды, жүйелі жұмыстардың жоқ екенін көрсетті.
Мақалада Абай шығармашылығын талқылаудан туындаған мәселелерді зерттеудегі негізгі заманауи тәсілдер қарастырылады, сонымен қатар оқыту мен білімнің қазіргі тәжірибесінің өзгеруіне әсерін тигізетін дәстүрлі және заманауи әдістер қолданылды. Осыған орай жастарды әділеттілікке, елжандылыққа, адал еңбекке, біліктілікке, іскерлікке Абай шығармалары арқылы тәрбиелеп, ұлттық, құқықтық мәдениетті дамыту туралы ұсыныстар беріледі.
Бүгінгі таңда сапалы заңдарды қабылдап, әділ сот шешімін шығаруда, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарға жол бермеуде, құқықтық нормаларды талқылауда Абай мұрасынан алатынымыз өте көп екендігі және Абайдың құқықтық көзқарастарын зерттеп, оның қоғамның барлық саласындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға қолданылуы үшін педагогтармен қатар құқық саласындағы мамандарды тарту қажеттілігі анықталды. Жұмыстың нәтижесінде Абай шығармаларына сүйену арқылы қоғамдық құқықтық мәдениетті дамыту керек деген тұжырым жасалады.