ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ САЯСАТЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУГЕ ТӘСІЛДЕРДІ ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Венера Төлеутайқызы Конусова

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_48

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, жасанды интеллект жүйелері, реттеуші саясат, нормативтік-құқықтық реттеу, автоматтандыру

Аңдатпа

Мақала Қазақстандағы жасанды интеллект (ЖИ) саласын реттеу тәсілдерін зерделеуге арналған зерттеу болып табылады. Ол азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, жаңа технологиялардың дамуына және ЖИ саласындағы прогреске ықпал ететін теңдестірілген модель құру мақсатында этикалық қағидаттарды, стратегиялық құжаттар мен заңнамалық реттеу модельдерін әзірлеу тәсілдерін талдауды ұсынады.

Мақала Қазақстандағы ЖИ реттеу перспективаларын құрылымдық түсінуді, сондай-ақ қазіргі заманғы халықаралық стандарттар мен тәжірибелерді пайдалану бойынша ұсынымдарды ұсынады. Еуропалық Одақ пен Ұлыбританияның ЖИ саласын кешенді реттеуді қалыптастырудағы тәжірибесіне ерекше назар аударылады.

Шетелдік тәжірибені сыни талдау нәтижелері бойынша заңнамалық және заңға тәуелді деңгейлерде реттеуге жататын мәселелерді ажырату ұсынылды. Заңнамалық деңгейде реттеу үшін жасанды интеллект ұғымын айқындау, реттеу қағидаттарын бекіту, жасанды интеллект жүйелерінің адам құқықтарына әсерін бағалаудың міндетті рәсімі, уәкілетті органның нақты өкілеттіктерін белгілеу, сондай-ақ жасанды интеллектті пайдалануда ашықтықты талап етуді қоса алғанда, бірқатар шаралар ұсынылды. Бұл ретте мақалада кодификацияланған акт деңгейінде ЖИ реттеу орынсыз екендігі атап өтіледі. Реттеудің заңға тәуелді деңгейінде жасанды интеллект жүйелерінің адам құқықтарына әсерін бағалау және технологиялық бағалау процедураларының егжей-тегжейін анықтау ұсынылады. Сондай-ақ олардың тәуекел дәрежесін және қоғам мен азаматтардың құқықтары үшін ықтимал теріс салдарын бағалауға мүмкіндік беретін ЖИ жүйелерінің нақты сипаттамаларын анықтау маңызды. Бұл тәсіл реттеудің айқындылығы мен тиімділігін, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқан саласы үшін қажетті икемділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жүргізілген зерттеу әртүрлі аудиториялар үшін әлеуетті құндылық болып табылады. Біріншіден, құқықтық саясатты жасаушылар мен заң шығарушылар онда ЖИ саласындағы тиімді стратегияларды әзірлеуге көмектесетін құнды ұсыныстар табады. Екіншіден, бұл заңгерлерге, құқық қорғаушыларға, студенттерге және жасанды интеллектті құқықтық реттеуге қызығушылық танытқандарға пайдалы болады.

##submission.authorBiography##

Венера Төлеутайқызы Конусова

заң ғылымдарының кандидаты

##submission.downloads##

Жарияланды

27.09.2023

##submission.howToCite##

Конусова, В. Т. (2023). ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ САЯСАТЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУГЕ ТӘСІЛДЕРДІ ЗЕРТТЕУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(74). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2023_74_3_48