ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_130Кілт сөздер:
жеке еңбек даулары,, келісу комиссиясы,, жұмыскер,, жұмыс беруші,, еңбек қатынастары,, талап қоюшы,, жауапкер,, еңбек шартыАңдатпа
2015 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің қолданысқа енгізілуімен еңбек құқық қатынастарында жеке еңбек дауларын шешудің және оларды қарастырудың тәртібінде едәуір өзгерістер орын алды. Тараптар арасында кез-келген еңбек дауы екі тәсілмен, яғни сотқа дейінгі және сот тәртібімен қаралады. Қазақстан Республикасында жеке еңбек дауларын қарау тәртібін реттеу тиісті заңнамалық актілер мен бұйрықтар негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі таңда еңбек дауларын сотқа дейінгі тәртіпте шешудің жолы тәжірибеде көптеп қолданылуда. Дауларды сотқа дейін ымырыластықта шешуге деген ұмтылыс қазіргі таңда «әлемдік трендке» айналуда және бұл үрдіс сот органдарының кәсібилігінің көрсеткіші болып табылады.
Жеке еңбек даулары - бұл жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы қандай да бір қайшылықтарға байланысты туындайтын кез-келген еңбек қызметінің құрамдас бөлігі. Жеке еңбек даулары жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары аясында туындайды мәселен, жалақы, еңбек жағдайлары, заңсыз жұмыстан шығару, қызметкердің құқықтарын бұзу және т.б. сияқты еңбек қызметінің аспектілерінде көрініс табады. Еңбек даулары тараптардың субъективтік құрамы бойынша, даудың сипаты мен ведомствалық бағыныстылығына байланысты жіктеледі.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқылы. Еңбек дауларын сотқа дейінгі реттеудің бірден-бір төте жолы – ұжымдағы келісу комиссиясымен шешу тәртібі болып табылады. Алайда, егер дау келісу комиссиясы шеңберінде шешілмеген болса, жұмыскер өзінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгіне алады.