ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КӨМЕГІМЕН ЖАСАЛҒАН ТУЫНДЫЛАРҒА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ

Авторлар

  • Аңсаған Құспанұлы Аронов М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті
  • Сара Қимадиқызы Идрышева М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті https://orcid.org/0000-0003-3473-3395

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_146

Кілт сөздер:

авторлық құқық, жасанды интеллект, автор, авторлық, бірегейлік

Аңдатпа

Қазіргі уақытта жасанды интеллект адамдардың өміріне үлкен әсер етуде. Мысалы, машиналар мәтінді тез тереді, бағдарламалық жасақтама әзірлейді және әр түрлі өнер туындыларын жасап шығарады. Желіде қолжетімді спорт және бизнес жаңалықтарының көпшілігін машиналар жазғанын байқауға болады. Көптеген елдердің қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасанды интеллект арқылы жасалған жұмыстар қарапайым құрал ретінде қарастырылады, бірақ жасанды интеллект технологияларының соңғы түрлері бұл ұғымды толығымен өзгертуде. Жасанды интеллектінің пайда болуы зияткерлік меншік, атап айтқанда авторлық құқық туралы заңнама үшін көп қиындықтар туғызды. Жасанды интеллект технологиялары авторлық құқық саласында бірқатар күрделі сұрақтар тудырып отыр, мысалы жасанды интеллект шығармашылық жұмыстардың авторы бола ала ма, жасанды интеллект туындылары қалай қорғалуы керек немесе мұндай жұмыстарға құқықтар кімге тиесілі. Мақалада автор осындай сұрақтарға жауап табуға және машиналардың жасанды интеллектісімен байланысты авторлық құқық мәселелерін нақтылауға тырысады. Мақаланың мақсаты – дамыған мемлекеттерде жасанды интеллект машиналары жасаған, авторлық құқықпен қорғалған туындыларды құқықтық реттеудің ерекшеліктерін анықтау және жасанды интеллект жасаған өнімдерге қатысты авторлық құқық туралы отандық (қазақстандық) заңнаманы жетілдіру бойынша тиісті ұсынымдар беру. Мақала авторы шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, компьютерлік машиналар көмегімен жасалған шығармашылық жұмыстар жағдайында осындай жұмыстарды жасау үшін қажетті шаралар қабылдаған адам автор екенін айтады.

##submission.authorBiographies##

##submission.authorWithAffiliation##

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің докторанты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының аға оқытушысы, Астана қ., Қазақстан; e-mail:a.aronov@apa.kz

##submission.authorWithAffiliation##

Doctor of Law Science, Associate Professor, Professor of the Department of Private Law of JSC “KAZGUU University named after M.S. Narikbaev”; Astana, Republic of Kazakhstan, e-mail: isk.80@mail.ru

##submission.downloads##

Жарияланды

28.06.2024

##submission.howToCite##

Аронов A. K., & Идрышева S. K. (2024). ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КӨМЕГІМЕН ЖАСАЛҒАН ТУЫНДЫЛАРҒА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(77). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_146

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық