ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ КЕМСІТУШІЛІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАТЫНАСТАР ТАРАПТАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_98Кілт сөздер:
құқық қағидаттары, еңбек құқығы қағидаттары, Әлеуметтік кодекс, еңбек саласындағы кемсітушілік, жұмыссыздықАңдатпа
Мақаланың мақсаты еңбек құқығының жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен еңбек қатынастары тараптарының міндеттерінің, оның ішінде мемлекеттің жұмыссыздықтан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерінің арақатынасын айқындау мақсатында қолданыстағы заңнаманы талдау болып табылады. Авторлар жұмыс берушілер мен бағыттаушы тарап қызметкерлерінің міндеттеріне қатысты ҚР Еңбек кодексінің нормаларын, жұмыссыздықты құқықтық реттеудің кейбір мәселелеріне қатысты ҚР Әлеуметтік кодексінің нормаларын талдады. Қолданыстағы Еңбек және онымен сабақтас заңнаманы талдау нәтижесінде авторлар ҚР Еңбек кодексінің, сондай-ақ жаңадан енгізілген ҚР Әлеуметтік кодексінің кейбір нормалары кемсітушілік сипатқа ие деген қорытындыға келді. Атап айтқанда, ҚР Еңбек Кодексіндегі қызметкерлер мен бағыттаушы тарап қызметкерлерінің құқықтық мәртебелерінің айырмасы бар, әсіресе бағыттаушы тарап қызметкерлерінің міндеттеріне қатысты. Себебі, бағыттаушы тарап қызметкерлерінің еңбек шарты бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын қарапайым қызметкерлермен салыстырғанда тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің жоқтығына қарамастан, жоғарыда аталған тараптардың еңбек қатынастарындағы міндеттері сәйкес келеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік беретін бірқатар белгілер анықталды. Бірқатар жағдайларда қарапайым жұмысшыларға тән кейбір міндеттер бағыттаушы тараптың жұмысшыларына артығымен жүктеледі. Мысал ретінде бағыттаушы тарап қызметкерінің бәсекелестік туралы шарт бұзылған жағдайда жұмыс берушіге материалдық залалды өтеу міндеті келтіріледі. Сонымен қатар, жұмыссыздықты құқықтық реттеуге қатысты ҚР Әлеуметтік кодексінің кейбір нормаларын талдау жеке тұлғаларға қатысты кемсітушілік тенденцияларын анықтауға мүмкіндік берді. Осылайша, ҚР Әлеуметтік кодексінің 99-бабы 3-тармағының 6-тармақшасы сотталған адамдардың мемлекет тарапынан жұмыссыздықтан қорғау құқығын шектейді. Авторлар еңбек саласындағы кемсітушілікті болдырмау мақсатында қолданыстағы заңнаманың кейбір нормаларын қайта қарау қажеттігін көрсетеді