ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ БЕЛСЕНДІ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_32Кілт сөздер:
сайлау, сайлау құқығы, азамат, сайлау процесі, демократияАңдатпа
Мақалада Қазақстандағы сайлау процесін ұйымдастыру мен өткізу барысында азаматтардың жалпыға бірдей сайлау құқығын жүзеге асыруының тәжірибелік мәселелері қарастырылған. Зерттеудің мақсаты сайлауды ұйымдастыру мен өткізуде азаматтардың жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығын жүзеге асыруында кездесетін тәжірибелік мәселелерді талдау және мұндай мәселелердің алдын-алу мақсатында ұсыныстар жасау болып табылады. Зерттеу жұмысын жүргізуде сайлау заңнамасы мен оны сайлау учаскелерінде іске асырудың тәжірибесін қарастыру талдау әдісі арқылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, сайлау заңнамасының тәжірибесін зерттеуде байқау әдісі пайдаланылса, нәтижелері синтез әдісімен біріктірілді. Нәтижеде сайлау заңнамасында қарастырылған жалпыға бірдей сайлау құқығы, тең сайлау құқығы сияқты әмбебап қағидаттардың учаскелік сайлау комиссияларының жұмысының бастауы болып табылатын жариялылық, алқалылық, ашықтық қағидаттарымен астаса жұмыс жасамайтыны байқалды. Және де осыған байланысты талқылаулардың нәтижелері ұсынылып, жергілікті атқарушы органдардың, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын жетілдіруге қатысты тәжірибелік және заңнамалық ұсыныстар жасалды. Зерттеу нәтижелерін азаматтың жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығын мейлінше қамтамасыз ету мақсатында сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді жетілдіруде Орталық сайлау комиссиясының, жергілікті атқарушы органдар мен учаскелік сайлау комиссияларының қызметінде пайдалануға ұсынылады. Мақалада қарастырылған материалдар негізінде азаматтардың жалпыға бірдей сайлау құқығын қамтамасыз ету мақсатында сайлауды ұйымдастыру мен өткізу процесінің тәжірибесіне көбірек мән берілуі тиіс деген қорытындыға келдік. Себебі, теориялық тұрғыда сайлауды өткізудегі барлық құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктері қамтылған деп көрсетілгенімен де, оны іске асырудың тәжірибесі әр өңірде, әрбір сайлау учаскесінде әртүрлі болып келетіні анықталды. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың сайлаушылардың тізімін қалыптастыру жұмыстарын жетілдірудің негіздері анықталды. ҚР Президенті, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда азаматтардың жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығын шектемеу мақсатында олардың тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болу не болмауының маңыздылығы қарастырылды.