ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_135Кілт сөздер:
зияткерлік меншік, жер қойнауын пайдалану, цифрландыру, ақпараттық жүйелер, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, отын-шикізат кешені, айрықша құқықтар, геологиялық ақпаратАңдатпа
Бұл мақала интеллектуалдық меншік құқығының жер қойнауын пайдалану құқығымен өзара байланысын зерттеуге арналған.
Қазiргi таңда жер қойнауын пайдалану саласы қарқынды түрде дамуда, отын-энергетика кешенiнiң өндiрiстiк процестерiне инновациялық технологиялар енгiзiлдi.
Жер қойнауын пайдалану саласы қашан да неғұрлым мол табысқа кенелу және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту мақсатында жоғары технологияларды қолдануды қажет етеді.
Мақалада автор геологиялық ақпараттың құқықтық табиғатын ашуға талпыныс жасайды және геологиялық ақпаратты интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің қатарына жатқызу мәселесі бойынша өзінің авторлық көзқарасын ұсынады. Зерттеу нәтижелерін алудың қиындығы геологиялық ақпараттың табиғи тасығыштарда (бұрғылау ұңғымаларының керндері, пайдалы қазбалардың және көмірқышқыл газдарының, меркаптандар мен судың сынамаларының, жыныстар мен минералдардың үлгілері, тас материалдың сынамалары мен коллекциялары, шлифтер, аншлифтер, минералдық ерітінділер мен ұнтақтар) зияткерлік еңбектің нәтижесі болып табылатын жасанды тасымалдаушыларда да (журналдар, сынамалар, талдаулар, бақылаулар, геологиялық есептер, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есептер, пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есептер және басқалар) ғана болмауында болып табылады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) заңнамасында геологиялық ақпарат меншік құқығы режиміне жатады, бұл құқық объектісі ретінде геологиялық ақпаратты жеткіліксіз зерттеудің салдары болып табылады.
Мақалада жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастардың авторлық құқықпен өзара байланысы қарастырылады, себебі, көптеген процестер ЭЕМ бағдарламаларын, ақпараттық жүйелер мен өзге де бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға бағытталған. Бұдан бөлек, жер қойнауын пайдаланушылардың қызметі яғни, геологиялық барлау, іздестіру жұмыстарынан бастап пайдалы қазбаларды өндіруге дейінгі патенттік құқық объектілері - өнертабыстармен тығыз байланысты.
Дараландыру құралдары мен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара бір-бірімен байланысты, олай дейтініміз, кез-келген жер қойнауын пайдаланушы өзінің фирмалық атауымен азаматтық айналымға түседі, тауар белгісімен немесе қызмет көрсету белгісімен өз өнімдерін өндіреді. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушылар көп жағдайда құқық иеленушілердің айрықша құқықтарын бұзады, оның салдары тек сот дауларында ғана емес, сондай-ақ контрафактілік тауарды пайдаланған жағдайда да белгілі мөлшерде шығынға әкеледі.