ДЕТЕКТИВ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘДЕБИ ЖАНР РЕТІНДЕ: ҚОРҒАУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_158Кілт сөздер:
детектив, жанр, әдебиет туындысы, қорғалу, шығармашылық, зияткерлік меншік, авторлық құқықАңдатпа
Мақала детектив жанрын авторлық құқық объектісі және әдеби жанр ретінде зерттеуге, сондай-ақ қорғау қабілеттілігі критерийлерінің проблемасына арналған.
Қазақ әдебиетінде детектив жанры кең таралмағандықтан, ғылыми тұрғыда қалың оқөырман тарапынан қызығушылық туғызады. Сонымен қатар, шығармашылық зияткерлік қызметтің нәтижесі, авторлық құқық объектісі болып табылады.
Мақалада әдеби туындының ерекшеліктеріне талдау жасалып, қазақстандық және шетелдік авторлардың ғылыми көзқарастары келтірілген.
Алайда кез-келген туындыны авторлық құқық объектісі деп тануға болмайды, авторлық құқық объектісі деп тану үшін объектінің қорғауға қабілеттілігін айқындайтын белгілері болуы тиіс.
Туындылардың қорғау қабілеттілігі өлшемдерін айқындау туындыны құқықтық қорғауға жатады деп тануда маңызды болып табылады. ҚР заңнамасымен қорғау қабілеттілігі өлшемдері болып туындылардың шығармашылығы мен нысаны танылады.
Мақалада туындылардың мақсаты, мазмұны, қадір-қасиеті, сондай-ақ оларды білдіру тәсілдері мен нысандары туралы түсінік беріледі.
Заң әдебиетінде қорғауға қабілеттілік критерийлерін зерттеудің түрлі көзқарастары бар: шығармашылық, жаңашылдық, шынайылық және тағы басқалар. Шетелдік тәжірибеде біржақты пікір жоқ, АҚШ-та креативтілік деңгейі критерий ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта шығармашылық сипаты елеусіз туындыларды қорғаудың төменгі деңгейін анықтау тұжырымдамасы барған сайын назар аударуда.
Қазақстан Республикасының сот тәжірибесі дауларды шешуде материалды алу үшін авторлық сараптама және шығармашылық нәтижелердің сәйкестігі сияқты құралдарды пайдалана отырып, шығарманың шығармашылық сипатының, авторлық құқық Копирайт белгісінің болуын анықтау тәсілін ұстанады.
Туындыларды қорғау қабілеттілігі критерийлерін белгілеу тәжірибелік сипатқа ие өзекті мәселе болып табылады және оны шешу авторлық құқықты қорғауды пайдалана алатын туындыларды анықтау үшін қажет.