ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СОТ БИЛІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_74Кілт сөздер:
биліктің бөлунуі, билік арасындағы өзара әрекет, биліктің біртұтастығы, тежеу мен тепе-теңдік жүйесі, президент, сот билігі, мемлекеттің механизміАңдатпа
Жұмыс мемлекеттік биліктің сот тармағы мен Қазақстан Республикасының жоғары лауазымды тұлғасы Президентпен өзара әрекеттесу мәселесін зерттеуге арналған.
Сот билігі мен Президент өзара әрекет ететін қызмет салалары айқындалды. Маңызды және іргелі салалардың ішінде сот пен Президент адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік тетігін құрайтын элементтер ретінде конституциялық құқықтар мен бостандықтарға кепілдік беру және олардың сот арқылы қорғалуын қамтамасыз ету арқылы бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болатын адам құқықтары мен бостандықтары саласы ерекше атап өтілген.
Соттардың Президент актілерінің республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкестігіне сот бақылауы, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктеріне ерекше назар аударылады. Сол сияқты Президенттің сот үкімімен сотталған адамға кешірім жасау туралы актіні шығару, сондай-ақ оны арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктеріне назар аударылады. Президенттің конституциялық-құқықтық жауапкершілігін жүзеге асырудың ерекше тәртібіне және судьялардың конституциялық өкілеттіктерін тоқтатуға көңіл бөлінеді. Аталған мәселелер бойынша Ресей Федерациясының заңнамасы мен сот тәжірибесі қамтылды.
Соттардың және Президенттің конституциялық мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талданды.
Жұмыс соңында соттар мен судьялар, біріншіден, өздерінің конституциялық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде сыртқы және ішкі тәуелсіздікке ие болатынын, екіншіден, олардың барлық мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен өзара әрекеттесетінін, соның ішінде Президентпен, мемлекеттік биліктің өзінің біртұтастығын бұзуға, оны тартып алуына немесе шоғырлануына жол бермейтін тежеу мен тепе-теңдік жүйесін қатаң тәртіпте ұстануын дәлелдей отырып, қысқаша қорытындылар беріледі.