ПРЕЗИДЕНТ ИНСТИТУТЫ ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ОРТАЛЫҚСЫЗДАНДЫРУ

Авторлар

  • Еркеш Қалиұлы Нұрпейісов
  • Әлима Мүсірқызы Ауанасова

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_13

Кілт сөздер:

Қазақстан, президенттік билік, билікті орталықсыздандыру, атқарушы билік, әкімдерді сайлау, конституция, заңдар

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасының президенттік билігінің Президенттің конституциялық өкілеттіктерінің көлемін ұлғайту процесі деп түсінілетін, оның шоғырлануы тұрғысынан трансформациясын және қоғам демократияланған сайын осы өкілеттіктердің қысқаруын білдіретін және атқарушы биліктің орталықсыздандырылуына әкеп соқтыратын деконцентрацияны талдауға арналған. Бастапқыда президент лауазымын құру туралы Заңда белгіленген оның өкілеттіктері өкілдік сипатта болды. 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларациясы қабылданғаннан кейін Президентті Қазақ КСР-нің Жоғарғы атқарушы және өкім етуші билігінің басшысы деп тану есебінен президенттік билікті шоғырландыру процесі басталады. Ол Жоғарғы Кеңестің келісімі бойынша Үкіметті қалыптастыруға қатысады, облыстық халық депутаттары кеңестері төрағаларын мерзімінен бұрын босатуға, сондай-ақ Үкімет отырыстарына төрағалық етуге құқылы.

1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша президентке Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды құру, мемлекеттік бағдарламаларды бекіту және басқа да өкілеттіктер беріледі. Осылайша, президенттік биліктің шоғырлануы күшейе түсті, оған 1995 жылғы Конституция мен 1998 жылғы конституциялық реформа айтарлықтай ықпал етті.

2007 жылға қарай шоғырлану шыңына жетіп сол жылғы конституциялық реформа бойынша президенттік биліктің деконцентрация процесін есептеу басталды. Бұл процеске 2017 және 2022 жылдардағы конституциялық реформалар үлес қосты.

Президенттік биліктің деконцентрациясы атқарушы билікті орталықсыздандыруға мүмкіндік ашты. Президент Қ. К. Тоқаевтың бастамасы бойынша бұл бағыттағы беталыс оның 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген болатын. Атқарушы билікті орталықсыздандырудың конституциялық негіздері 2022 жылғы 8 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда көзделген. Бұл заңда облыстық және аудандық және ауылдық әкімдерді сайлаудың құқықтық негіздері қарастырылған.

##submission.downloads##

Жарияланды

28.06.2024

##submission.howToCite##

Нұрпейісов , Е. К., & Ауанасова, А. М. (2024). ПРЕЗИДЕНТ ИНСТИТУТЫ ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ОРТАЛЫҚСЫЗДАНДЫРУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(77). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_13