ЗАҢ ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ: ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР,ТӘУЕКЕЛДЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР

Авторлар

  • Индира Оралқызы Әубәкірова
  • Бекболат Серікұлы Молдабеков

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_78

Кілт сөздер:

заң шығару, жасанды интеллектті құқықтық реттеу, инновациялық құқықтық технологиялар, құқықты цифрландыру

Аңдатпа

Бұл мақалада заңдарды дайындау процесінде жасанды интеллект әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері зерттеледі. Шетелдік зерттеушілердің еңбектерін зерделеу негізінде жасанды интеллект ұғымының мағыналық (семантикалық) нюанстары анықталады. Автордың назары сондай-ақ әртүрлі елдердегі заңнамалық процесс субъектілерінің қызметіне жасанды интеллект технологиясын енгізу ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Бұл технология заң шығару қызметінің тиімділігін арттыра алады, өйткені ол оны барынша автоматтандыруға және жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Мақалада қазіргі заманғы мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің алдында тұрған сын-қатерлерге байланысты заң шығару қызметін дамытудың инновациялық бағыттарына ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда әлеуметтік процестердің жоғары қарқындылығы және қоғамдық қатынастардың серпінділігі заң шығару процесінің субъектілеріне, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып, уақтылы ден қою қажеттілігін анықтайды. Қоғамның қажеттілігін өзгерістерді анықтауда және тиісті ақпараттық массивті өңдеуде жасанды интеллект  ауқымды рөл атқара алады, бұл оны тиімді құқықтық реттеу туралы мәселені күн тәртібіне қояды. Жасанды интеллектке қатысты нормаларды бекіту заң шығару процесінің барлық кезеңдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге, заңдардың мәтінін неғұрлым құрылымды етуге, қайшылықтар мен қателіктерді болдырмауға ықпал етеді. Бұл технологияны енгізудің ерекше маңыздылығы заң жобаларын әзірлеу кезінде тәуекелдер мен субъективті факторды азайту болып табылады.

Демек, Қазақстанның құқықтық жүйесінің жұмысын автоматтандыру үшін жаңа технологияларды пайдалану даму үрдісі, сондай-ақ заң шығару қызметіне жасанды интеллектті енгізудің әлеуетті перспективалары қарастырылуда. Мақалада заң шығару қызметіне жасанды интеллектті енгізудің оң және теріс тәуекелдері қамтылған.

##submission.downloads##

Жарияланды

22.02.2024

##submission.howToCite##

Әубәкірова , И. У., & Молдабеков, Б. С. (2024). ЗАҢ ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ: ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР,ТӘУЕКЕЛДЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(76). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_78