ЗАҢ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ

Авторлар

  • Ермек Баяхметович Абдрасулов
  • Мұрат Ғабидоллаұлы Губайдуллин Атырауский инженерно-гуманитарный институт

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_24

Кілт сөздер:

адам құқықтары, Конституция қағидаттары, азаматтық қоғам, нормативтік құқықтық актілер, заңдық тәртіп, позитивтік құқық, табиғи құқық

Аңдатпа

Бұл ұсынылып отырған ғылыми мақалада құқық пен мемлекеттік билік ұғымының саяси-құқықтық талдауы жан-жақты зерттеліп, қолданыстағы заңнамаға нақты сипаты қарастырылған. Мақала қазіргі кездегі адамның және азаматтардың бостандығы, гуманизм, рухани байлық және материалдық мүдделер сияқты қағидаттарға сәйкес қоғамдық қатынастарға қатысушылардың еркін мінез-құлқына, жүріс-тұрысына арналған. Сонымен қатар, кеңістікте әрекет ететін жағымды құқықтық қасиет пен элементтері бекітілгендей немесе қамтамасыз етілгендей, құқық қандай да бір жоғары заңды қасиетке ие болуға қажеттілігі әлемдік көзқарас тұрғысынан тәжірибе арқылы зерттелген.

Қазіргі таңда қоғамдағы құқықтық реттеу жүйесіндегі құқықтың атқаратын рөлі мемлекеттің әртүрлі құқықтық нысандарында, оның ішінде, билік құқығы ретінде әрекет ететін, құқық арқылы жүзеге асырылатын, оның императивті-билік қызметінің рөлін білдіреді. Бұл нормативтік құқықтық актілердің құқықтық жүйесінің әсері мен дамуына байланысты - қазіргі қоғамдағы субъективті құқықтардың мінез-құлқының құқықтық және құқықтық үлгісі ретіндегі ұйғарым болып табылады. Мұнда құқықтық ұйғарымдарды іске асыру ретінде құқықтың жүзеге асырылуы деп танылады. Бұл еліміздегі қолданыстағы Конституция бойынша адам мен азаматтың құқықтарын қорғау мен бақылауды жетілдіру, мемлекеттік биліктің заң ғылымы көзқарасынан заңи танымдық объекті ретінде қарастырылған.

Құқық пен мемлекеттік билік ұғымының бір-бірінен тәуелсіздігі мен олардың мазмұнының құқықтық институттарға аса қажеттілігі және заң мен құқықтық қағидаттардың рухына сәйкес құрылуы, құқықтық институттарға қажетті құқықтық баға туралы да мақалада кеңінен көрініс тапқан. Көрсетілген түрдегі құқықтық институттар қазіргі қоғамның құқыққа деген кез-келген қажеттілігінің тікелей және жанама өнімі ретінде немесе керісінше мемлекеттік билік пен олардың институттарының, императивтік әдістерінің құқықтың саласына енуі осы мақалада қаралған. Сонымен қатар, тек заң ғана болған кезде және ол құқықтың санаты ретінде пайдаланылатыны, заң тәжірибесіндегі құқық пен мемлекеттік биліктің арасында қолданылатын құқықтық механизімнің түсінігі мен әрекеті кеңінен  зерделенген.

##submission.downloads##

Жарияланды

28.06.2024

##submission.howToCite##

Абдрасулов , Е. Б. ., & Губайдуллин, М. Ғ. (2024). ЗАҢ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(77). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_24