КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЗАҚСТАНДА ПАЙДАЛАНУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Авторлар

  • Гульнар Айтчановна Алибаева
  • Гульдана Ануарбековна Абенова
  • Марат Камалбекович Мусабаев

Кілт сөздер:

кәмелетке толмаған, баланың құқықтары, әкімшілік-құқықтық қорғау, ювеналдық әділет, баланы құқықтық қорғау

Аңдатпа

 Мақалада ювеналды әділет органдарының жұмыс істеуінің шетелдік тәжірибесі қарастырылады, олардың қызметі кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғауға бағытталған. Ювеналды әділеттің екі қалыптасқан базалық моделі зерттеледі: континенттік және ағылшын-американдық. Бұл градация шартты сипатқа ие, ал мемлекеттер ювеналдық әділеттің жеке моделін қалыптастыра отырып, бала құқықтарын әкімшілік-құқықтық қорғаудың жеке тәсілдерін іздейді. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғары мемлекеттер барлық салаларда сапалы деңгейді қамтамасыз ете отырып, кәмелетке толмағандардың тіршілік әрекетінің барлық жақтарын қамтуға және қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ювеналды әділет органдарының тармақталған желісін құрады. Дамыған шет елдерде қадағалаусыздықтың алдын алу мен ескертудің, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдарды заңдық және өзге де жауапкершілікке тартудың кешенді жүйесі құрылды және жұмыс істейді. Осы елдердегі ювеналдық әділет жүйесі бірыңғай, нақты үйлестірілген, тұтас.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әр түрлі елдер ювеналдық әділет жүйесінің жеке моделін қалыптастыра отырып, бала құқықтарын әкімшілік-құқықтық қорғаудың жеке тәсілдерін іздейді.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы ювеналдық әділет институты қоғамның қажеттіліктеріне жауап береді деген қорытынды жасалды. Ол ювеналды соттардың, мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы әртүрлі мамандандырылған құрылымдардың, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуының және құқық бұзушылықтарының алдын алу жүйесі мекемелерінің, адвокатураның, құқық қорғау ұйымдары мен әлеуметтік қызметтердің тығыз өзара іс-қимылында кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін білдіреді.

Алайда, шет елдердің оң тәжірибесін пайдалануды ескере отырып, кәмелетке толмағандарды қамтамасыз ету және қорғау саласында мемлекеттік басқаруды одан әрі жаңғырту қажеттілігі айқын.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2020

##submission.howToCite##

Алибаева, . Г. А., Абенова, Г. А., & Мусабаев, М. К. (2020). КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЗАҚСТАНДА ПАЙДАЛАНУ ҚАЖЕТТІЛІГІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(61). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/152

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық