СОТ ТӨРЕЛIГIНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ПРИНЦИПІ РЕТІНДЕ КІНӘСІЗДІК ПРЕЗУМПЦИЯСЫН ПРАКТИКАДА ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕСІ
Кілт сөздер:
сот төрелігі, конституциялық принцип, кінәсіздік презумпциясы қағидаты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, әкімшілік қамаққа алу, от практикасыАңдатпа
Сот төрелігінің принциптері заңдылықты және адам мен азаматтың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратындықтан, оларды қолдану барысында туындайтын мәселелердің болуы зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Мақалада сот билігінің ұйымдастырылуы мен қызмет етуіне қатысты принциптердің басым бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқандықтан, олардың құқықтық бекітілуі мен қолданылу ерекшеліктері қарастырылады.
Автор Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабында бекітілген «Кiнәсiздiк презумпциясы қағидатының» және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 10-бабында берілген «Кiнәсiздiк презумпциясы» ұғымдарына, әрі ғалымдардың осы қағидатқа қатысты ғылыми-құқықтық түсіндірмелеріне жан-жақты тоқталады және сот төрелігінің конституциялық принциптері жалпы алғанда қылмыстық-процестік сипатқа ие болатыны туралы тұжырымға келеді.
Мақалада басты назар сот төрелiгiнің конституциялық принципі ретінде кінәсіздік презумпциясын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу бойынша сот практикасында қолдану мәселесіне аударылады. Автор арнайы құқықтан айыру және әкімшілік қамаққа алу жазалары туралы қаулыны орындау барысында кінәсіздік презумпциясы қағидатының қолданылуына қатысты сұрақ туындайтынына тоқталады.
Автор, ӘҚБтК-тің 884-бабының 3-тармағына сәйкес арнайы құқықтан айыру және әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаларды қолдану туралы қаулы шығарылған сәттен бастап орындалуға жататынын, ал ӘҚБтК-тің 832-бабының 1-бөлігіне сәйкес прокурордың сот қаулысына шағым, апелляциялық өтінішхат қаулы тапсырылған күннен бастап он тәулік ішінде берілуі мүмкін екендігі анықталғанын, ӘҚБтК-тің 829-5-бабының 3-тармағына сәйкес, егер жауапқа тартылған адам әкімшілік қамауға алу туралы қаулыға шағым, наразылық, шағым немесе наразылық берсе, ол берілген сәттен бастап бір тәулік ішінде қаралатынын негіздей келе, жоғарыда көрсетілген әкімшілік жазалар бойынша қаулыларды орындау кезінде кінәсіздік презумциясы конститтуциялық қағидатының сақталмайтыны туралы қорытынды жасайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясына «сот төрелігін жүзеге асыратын конституциялық принциптерге» қатысты толықтырулар және кінәсіздік презумпциясы қағидатының сақталуы үшін ӘҚБтК-тің сәйкес нормаларына өзгерістер енгізу ұсынылады.