ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ БАР ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ АЙҚЫНДЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
Кілт сөздер:
жария мүдделі ұйымдар, ақпаратты ашу, ашықтық және айқындық принциптері, қаржылық есептердің депозитарийі, акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестіктер, жер қойнауын пайдаланушылар, қаржылық есеп, корпоративтік іс-шараларАңдатпа
Мақала Қазақстанда бизнес жүргізудің ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету сұрақтарына негізделген. Диссертация тақырыбындағы ғылыми зерттеу аясында автордың Қазақстандағы жария компания институтының жойылуына байланысты, қызметі жариялық сипатта болатын және бұрынғы жария компанияларға қойылатын талаптармен бірдей талаптарға бағынатын заңды тұлғалардың кең тобына назар аударылады. Зерттеу мақсаты - жария мүдделі ұйымдардың заңнамада белгіленген ақпаратты ашу бойынша міндеттемесін нормативтік шоғырландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу деңгейін анықтау, осы мәселедегі кемшіліктерді айқындау және заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Осы мақсатқа жету үшін «жариялық мүдде» термині түсіндірілді. Қазақстан Республикасының заң шығарушысымен, қызметі қоғамның мүддесіне зор әсер ететін жария мүдделі ұйымдар ретінде танылған, заңды тұлғаларға қатысты көптеген заңнамалық актілердің нормативтік ережелері жүйелі түрде алғаш рет қаралды; оларды осы ретте тану үшін негіздемелер келтірілген. Қаржылық есептілік депозитарийі мен қор биржасының Интернет-ресурсында ашылатын ақпараттың түрлері талданды.
Сонымен бірге, автордың пікірінше, жария мүдделі ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудегі олқылықтар бар екен, себебі заңды тұлғалардың осы түрлері туралы заңнамалық актілерде қаржылық есептілікті және корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты Депозитарийдің Интернет-сайтында жариялау міндеттемесін бекітетін құқықтық нормалар жоқ.
Талданған мәселелер бойынша өзінің ұстанымын растау үшін автор корпоративтік ақпарат және бағалы қағаздар нарығы, қаржылық есептілік саласында ақпаратты ресми орналастырумен айналысатын көптеген мемлекеттік органдар мен арнайы ұйымдардың веб-сайттарының мазмұнын қарастырған. Қорытындылай келе, қарастырылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру мақсатында авторлық ұсыныстар жасалды.