КИБЕРШАБУЫЛДАРДЫҢ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_278Кілт сөздер:
киберқылмыс, кибершабуыл, киберқауіпсіздік, киберкеңістік, ақпараттық технологияларАңдатпа
Қазіргі әлемде ақпараттық технологиялар қоғамның қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Интернет пен цифрлық коммуникацияның дамуы жаңа мүмкіндіктерді ашты, сонымен қатар кез келген ұйымға, оның көлемі мен саласына қарамастан, елеулі қауіп төндіретін кибершабуылдардың көбеюіне әкелді. Кибершабуылдар - бұл оларды ашу және алдын алу үшін ерекше назар аударуды және тәсілдерді қажет ететін қылмыстың ерекше түрі болып табылады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары киберқылмыстарды тергеу кезінде бірқатар күрделі мәселелерге кездеседі, бұл мәселелер осы мақалада қарастырылды.
Мақаланың негізгі мақсаты - кибершабуылдардың ерекшеліктерін зерттеу, олардың сипаттамаларын талдау, сондай-ақ киберқылмыстарды тиімді анықтау және тергеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Мақалада аналитикалық және салыстырмалы талдау әдістері, кибершабуылдар тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді, нормативтік құқықтық актілерді және практикалық материалдарды зерттеу және жалпылау қолданылды. Сонымен қатар, осы мақалада Қазақстан азаматтарына онлайн сауалнама жүргізу арқылы зерттеудің сапалы әдісі қолданылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстың жай-күйін ашатын статистикалық деректерге талдау жүргізілді.
Алынған нәтижелерді құқық қорғау органдары, киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылар, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік актілерді әзірлеушілер кибершабуылдарға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін пайдалана алады.
Кибершабуылдар - оларды анықтау мен тергеуге кешенді көзқарасты қажет ететін күрделі және көп қырлы қауіп болып табылады. Алынған деректерді талдау негізінде ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің қызметін жетілдіру жөніндегі қызметтің тиімділігі туралы қорытынды жасалды. Бұл қылмыстарға тиімді қарсы тұру үшін құқық қорғау органдарының жұмыс әдістерін және халықаралық ынтымақтастықты үнемі жетілдіру қажет.