ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК АУДИТ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_282Кілт сөздер:
әлеуметтік аудит, кәсіпорын, корпоративтік жауапкершілік, адами ресурстар, рәсімдер.Аңдатпа
Мақала бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың әлеуметтік аудитінің өзекті тақырыбына арналған. Ғылыми мақалада әлеуметтік аудитті іске асырудың халықаралық тәжірибесі келтірілген, Қазақстан Республикасында әлеуметтік аудитті қалыптастырудың негізгі ережелері қарастырылған. Жүргізілген талдау негізінде кәсіпорындарда аудит жүргізудің маңыздылығы туралы қорытынды жасалады.
Мақалада негізгі принциптер мен тәжірибелерді бөліп көрсете отырып, әлеуметтік аудитті жүзеге асырудың халықаралық тәжірибесі қарастырылады. Атап айтқанда, әлеуметтік аудит стандарттары, әдістер мен құралдар, мүдделі тараптардың рөлі талданады. Әлеуметтік аудит бұл ұйымның, жобаның немесе Бағдарламаның әлеуметтік әсерін бағалау мен өлшеудің жүйелі процесі. Бұл іс-әрекеттің қоғамдық мүдделер мен үміттерге қаншалықты сәйкес келетінін объективті бағалауға, сондай-ақ жақсарту бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік аудит белсенді қалыптасу сатысында тұр, бұл корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығы мен бизнес-практикадағы ашықтықтың өсіп келе жатқандығын айғақтайды. Дамудың бастапқы кезеңіне қарамастан, ұйымдар қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды бастамалар іске асырылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік аудит - бұл бағалауды, есептілікті дайындауды және ұйымның жұмыс істеуі мен жұмыс стилін жақсарту шараларын енгізуді қамтитын кешенді процесс. Оның негізгі мақсаты - ұйымның жалпы қоғамға әсерін өлшеу, бұл оның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.
Мақала тұрақты дамуға ұмтылатын ұйымдар үшін әлеуметтік аудиттің құндылығын көрсетеді. Оны енгізу әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыруға және қоғамға оң ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік аудит әлеуметтік және экологиялық аспектілермен байланысты кәсіпорын жұмысындағы проблемалық аймақтарды анықтауға көмектеседі. Бұл жағдайды жақсарту үшін тиімді шараларды әзірлеуге және ықтимал тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.