ЭНДАУМЕНТ-ҚОРЛАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
Академиялық еркіндік, эндаумент-қорлар, академиялық және басқарушылық дербестік, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім,, Болон процес, ЖОО қызметі, коммерциялық емес білім беру ұйымдары, қайырымдылық қорлар, инновациялық қызмет, қаржыландыруАңдатпа
Мақалада эндаумент-қорлардың қызметін құқықтық реттеудің түсінігі мен кейбір мәселелері қарастырылады. Қазіргі уақытта мемлекет инновациялық қызметті белсенді қолдап және жоғары оқу орындарын жүзеге асыруда, бұл үдерістің ажырамас бөлігі ретінде қазақстандық экономиканың жаңа технологиялық деңгейге көшуіне ықпал етуде. Жоғары оқу орындарының жаңа ұйымдық-құқықтық формаларға көшуі байқау кеңестері мен эндаумент-қорларды құруға ықпал етеді. Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту, оларға эндаумент-қор құру құқығын беретін жоғары білім саласындағы заңнаманың жаңашылдықтарына байланысты, оның негізгі мақсаты инвестициялау және ғылыми зерттеулерді коммерцияландырудан түскен табыстың бір бөлігін бөлу арқылы капиталды жинақтау болып табылады. Осы зерттеуді жүргізу, бірінші кезекте, жоғары білім берудің экономикалық және құқықтық саласындағы өзгерістерге, сондай-ақ осыған байланысты білім беру мекемелерінде бірлесіп қаржыландыру құралдарын пайдалану және дамыту қажеттілігіне байланысты туындаған. Дамыған елдерде жоғары білім беру ұйымдарының қызметі мен прогрессивті дамуының аса маңызды аспектісі эндаумент-қорлар арқылы қайырымдылық болып табылады, олар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаржыландыруына тиімді және түсінікті жағдай жасауға, сондай-ақ білім беру мекемелерінің табысын ұлғайтуға және олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстанда эндаумент-қор мақсатты капиталдың құқықтық институты ретінде жақында пайда болды, оны еңгізуді белгілі бір дәрежеде қайырымдылық нарығындағы серпіліс деп атауға болады. Эндаумент-қор капиталды арттыруға және оны бірте-бірте жұмсауға мүмкіндік береді, яғни бұл жоғары білім беру ұйымдары үшін ұзақ мерзімді субсидиялау көзі және қызмет мақсаттарына қол жеткізу тұрақтылығының кепілі болуы мүмкіндігі.Бұл құралды тиісті құқықтық реттеу жоғары білім беру ұйымдарының негізгі қызметін қаржыландыруды технологиялық және ашық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда, Қазақстандағы эндаумент-қорлардың қызметін реттейтін қолданыстағы заңнаманы талдау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу маңызды әрі қажетті болып табылады.