ЖҮРГІЗУДІҢ ПРОЦЕСТІК ШЫҒЫНДАРЫН ӨНДІРІП АЛУДЫ РЕГЛАМЕНТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Айнагүл Төкенқызы Кәріпова
  • Ербол Ағыбайұлы Омаров
  • Талғат Ғабитұлы Маханов

Кілт сөздер:

өндіріп алу, процестік (сот) шығындар, сот процесі, шығыстарды, шығындарды өтеу, қылмыстық сот ісін жүргізу, мемлекеттік баж

Аңдатпа

Ғылыми мақала Қазақстан Республикасындағы процестік шығындарды өндіріп алу мәселесіне арналған. Авторлар статистикалық мәліметтерді талдау барысында қылмыстық істер бойынша өндіріп алу туралы сот шешімдерін, оның ішінде процестік шығындарды орындаудың төмен деңгейін анықтады. Авторлар қылмыстық істер бойынша үкімдерді зерделеу арқылы кінәлі адамдардан процестік шығындарды өндіріп алу мәселесін шешудің біркелкі емес сот практикасын анықтады. Осыған орай процестік шығындарды өндіру тәртібін регламенттейтін қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша құқықтық шаралар ұсынылды. Сондай-ақ авторлар, математикалық әдістерді пайдалана отырып, егер ұсынатын өзгерістерді іске асырған жағдайда, процестік шығындардан ақша қаражатының түсуі туралы болжам жасалды. Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушыларды қолданыстағы құқықтық механизм ынталандырмайды, әсіресе, кінәлілер медиациялық рәсімдерге жүгіну, ұзақ соттық даушарлардан аулақ болу қажет. Сотқа дейінгі сатыда өндіріліп алынатын шығындардың мөлшерінен сот сатысындағыдан елеулі айырмашылықтары жоқ, бұл кінәліге өзінің істі сотта қарау құқығын теріс пайдалануға, жағымсыз салдарларға ұшырамастан, қылмыстық сот ісін жүргізудің барлық механизмін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл тұжырымдар сотқа дейінгі іс жүргізу бойынша ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылған істерді және қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру бойынша статистикалық мәліметтерді зерделеуге негізделген. Алыс шетел елдерінің тәжірибесін зерделеу процестік шығындарды регламенттеудің оң аспектілерін анықтауға мүмкіндік берді. Жүргізілген зерттеудің негізгі қорытындысы процестік шығындарды төлейтін адамдар тізімі мен өтемақы төлеуге жататын оның түрлерін кеңейту қажеттігін көрсетеді. Тиісінше қатысушылардың мүліктік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізудің қымбаттауына әкеп соқтырады және ақталмаған сот талқылауларын тежейтін факторға айналады.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2020

##submission.howToCite##

Кәріпова, . А. Т., Омаров, Е. А., & Маханов, Т. Г. (2020). ЖҮРГІЗУДІҢ ПРОЦЕСТІК ШЫҒЫНДАРЫН ӨНДІРІП АЛУДЫ РЕГЛАМЕНТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(61). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/167

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс