ЖАЗА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_138Кілт сөздер:
жаза, мәжбүрлеу шаралары, қауіпсіздік шаралары, жазаға балама шаралар, сақтық шаралары, қалпына келтіру әділеттілігі, қылмыстық ықпал ету шаралары, медициналық шаралар, мәжбүрлі төлем, ерекше талаптарАңдатпа
Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қолданылатын жаза мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының арақатынасы мәселелері зерделенеді.
Олардың арасында жазаға немесе қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларына айналуға мүмкіндік беретін ортақ белгілер, сондай-ақ олардың ара-жігін ажыратуға кедергі келтіретін ерекшелігі анықталды.
Сонымен қатар, олардың сотқа дейінгі қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қолданылатын өзге де қылмыстық-процестік мәжбүрлеу шараларымен тығыз байланысы айқындалды.
Жазалар мен оларды қолданудың мақсаттары, құралдары мен негіздері, оларды өтеу тәртібі мен шарттары, мөлшері мен мерзімдері, оларды орындайтын мекемелер мен органдар, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың мінез-құлқына тыйым салудың түрлері, көлемі мен мазмұны бойынша жасалатын өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары арасындағы айырмашылықтар белгіленді.
Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, әлеуметтік маңызы бар құндылықтарды қорғауда, қылмыстың алдын алуда және оған қарсы күресте жазаның және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының тиімділігі атап өтілді.
Жазалардың және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларының барлық түрлері қылмыстық-құқықтық қорғаудың және қылмыстық-құқықтық алдын алудың кешенді жүйесінің шаралары ретінде қаралады.
Қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылатын жазалар және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары туралы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы зерделенді. Жалпы республика бойынша 2020-2024 жылдар кезеңінде сотталғандарға соттар жаза және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын тағайындаған туралы статистикалық мәліметтерге шолу жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша шартты түрде, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар санының төмендеу үрдісі белгіленді.