БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУДЫҢ БАЛАМА ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘЛЕМДІК ҮЗДІК ҮЛГІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_150Кілт сөздер:
жаза, түрме жазасы, қылмыстық-құқықтық балама шаралар, түрме халқының санын азаиту, айыппұл, қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу, шартты соттауАңдатпа
Зерттеу түрмеге қамау жазасына балама институтының халықаралық-құқықтық реттелуін ретроспективті талдауға негізделген. Ғылыми әдістер кешенін қолдану зерттелетін тақырыпты терең әрі жан-жақты түсінуге ықпал етті. Аналитикалық, салыстырмалы-құқықтық, әлеуметтанулық және статистикалық сияқты әртүрлі әдістерді пайдалану зерттеудің құрылымын оңтайлы қалыптастырып, мәселенің негізгі аспектілерін бөліп көрсетуге және олардың өзара байланысын анықтауға мүмкіндік берді.
Бұл еңбекте халықаралық стандарттарға негізделген түрмеге қамауға балама жазалау шараларын қолданудың үздік әлемдік тәжірибелері қарастырылып, олардың Қазақстан заңнамасына және құқық қолдану тәжірибесіне енгізілуі талданды. Бұл балама шаралар жазалау, қайта әлеуметтендіру және қоғамдық қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Зерттеуде түрмеге қамаудың балама жазалау шараларының тиімділігін растайтын дәлелдерді қарастыру ұсынылады. Пробация, қоғамдық жұмыстар, электрондық бақылау сияқты баламалы шараларды қолдану дәстүрлі түрмеге қамау жазасымен салыстырғанда қылмыстың қайталану деңгейін төмендетуге оң әсер етеді. Сонымен қатар, түрмеде ұстауға қарағанда, бұл шаралар мемлекет үшін экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылар еді. Әлеуметтік бейімделу тұрғысынан алғанда, бас бостандығынан айыруға балама жазалар сотталғандардың отбасымен байланысын сақтауға, жұмысын немесе оқуын жалғастыруға және қоғаммен қарым-қатынасын үзбеуге мүмкіндік береді.
Түрмеге қамаудың балама жазалау шараларын қолдану – қылмыстық әділет жүйесін реформалаудың тиімді стратегиясы. Ол жазалау процесін гуманизациялауға, сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы тақырыпты зерттеу халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасының ерекшеліктеріне сай келетін, тиімді, әділетті және экономикалық тұрғыдан негізделген қылмыстық саясатты әзірлеу үшін маңызды. Бұл құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге және құқықтық жүйені дамытуға ықпал етеді.