ЗАҢДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ ФРАЗЕМАЛАР ЖӘНЕ ОНДАҒЫ АУДАРМАНЫҢ РӨЛІ
Кілт сөздер:
заң мәтініндегі тұрақты тіркестер, анықтауыш санатындағы сөз орамы, лексикалық бірлік санаты, терминдік функция, терминнің лексикалық нақтылығы мен үйлесімділігі, ерекше мәнді сипаты, заң фраземасыныңАңдатпа
Мақалада заңнамалық және құқықтық-ресми тіркестердің іс жүргізу құжаттамаларындағы, құқықтық нормасы бар тұрақты тіркестердегі жиі кездесетін терминдік қолданыстарды саралаудың маңызды ерекшеліктері қарастырылады.
Олардың түпмәтіндік қолданылуының лексикалық кейбір сипаты туралы тұжырым
жасалады. Терминдік тұрақты тіркестердің заң мәтінінде нормалық дәлдікпен әрі лексикалық өлшемге сай орнығып, біріздендірілуі заңнама мәтінімен жұмыс істеу барысындағы өзекті мәселелердің бірі екені айрықша атап көрсетілген. Ал бұл мәселе – заңнама мәтіндерін сапалы етудің бірден-бір кепілі болып табылады.Терминдік тіркестердің жасалымындағы бір ерекшелік ретінде оның бір сөзден тұратын басқа тілдегі баламасының қазақша мәтінде бірнеше сөзбен берілуіне қатысты ойлар мақалада ортаға салынады. Құқық нормасының нақтылануы қажеттілігінен туындаған мұндай тіркестік термин ұлттық заңнама мәтінінде орнығып келетіндігінің мысалдары келтіріледі. Заң терминологиясында тұрақты сөз тіркестерінің, заң фраземасының ерекше мәнді сипаты - олардың белгілі бір деңгейде лексикалық бірліктің санатында қарастырылуында деген тұжырымға ден қойылған. Мақаланың өзегі заң тұрақты тіркестерінің, тұтастай алғанда заң лингвистикасының мәтіндік, мазмұндық ерекшелігін анықтайтындығына негізделген.
Мақала авторы нормативтік актілердің шектеусіз адресатқа арналып жазылатындығын айта келіп, ғылыми-техникалық прогресс пен әлеуметтік өмірдің даму қарқыны құқық арқылы реттелетін қоғамдық қатынастардың күрделілене түсетіндігіне назар аударады. Осыны ескере отырып, заңнама тілінің шектен тыс қарапайым болуына жол беруге болмайтындығын, мұның өзі нормалардың нақты әрі айқын болуына кері әсерін тигізетіндігін барынша түсінікті етіп дәлелдейді.
Нормативтік актілер мәтініндегі сөйлемнің қысқа болуы оның түсінікті болуына септі- гін тигізетіндігін айта келіп, автор сөйлемді қысқа етіп жазу заңнама үшін мүндетті талап емес екендігін ескертеді. Бұл орайда басты міндет – сөйлем құрылымы реттелетін нысананың терең әрі аяқталатын сипаты болуы қажеттігіне қайшы келмеу, заңнама мәтінінің дәлдігіне, айқындығы мен толымдылығына, құқықтық мәніне нұқсан келтірмеу.