ГЕРМАНИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Кілт сөздер:
Bürgerliches Gesetzbuch, BGB, Германдық Азаматтық заңдар Жинағы, электрондық цифрлық қолтаңба, электронды түрде кәсіпкерлік , сауда-саттықтан туындайтын дау, электрондық сауда-саттық, интернет желісінде мәміле жаса, , кәсіпкер мен тұтынушы, электрондық пошта, ұялы телефонмен кәсіпкерлік жасауАңдатпа
Мақалада әлемде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуының арқасында Германдықтар алғашқы электрондық сауда-саттық кезінде жасалынатын мәмілелерді реттеу мақсатында «Цифрлық қолтаңба туралы» заңын қабылдап, кейіннен Еуропаға Одақ мемлекеттерінің директиваларына сәйкестендіру үшін «Электрондық қолтаңбаларды қолданудың жалпы шарттары туралы» заңы, одан соң «Электрондық сәйкестендіру және ішкі нарықтағы электрондық транзакциялар туралы» заңы жүзеге асқандығы ескеріледі.
Сонымен қатар, мақалада Германияның Азаматтық заңдар Жинағындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы мәміле жасау, электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңға сілтеме жасау және электрондық мәміле жасау мүмкіндіктерін қарастырады. Электрондық кәсіпкерлікті жүзеге асыруға байланысты Еуропалық Одақтың ережелері мен директивалары зерттеліп, электрондық поштамен хат алмасу арқылы келісімшарт жасау туралы сот шешімі талқыланады. Келісімнің электронды түрде жүргізуге жол берілмейтін тұстары, атап айтқанда, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында еңбек шартын бұзу, ғұмырлық рента төлеу, уәде беру немесе қарызын мойындау міндеттемесі секілді келісімдерге мән беріледі. Сондай-ақ, автор байланыс құралдарын пайдалана отырып жасалынатын келісім ерекшелігіне тоқталады.
Мақалада Германиядағы көпшілік тұрғындар ай сайын интернет желісі арқылы киімге, электроникаға, тұрмыстық техникаға, компьютерге, азық-түлікке, жиһаздарға, ойын мен бағдарламалық қамтамасыз етуге тапсырыс беретіндігі, сондай-ақ ұялы телефонның сауда-саттықтағы орны, ал туындаған мәселелерді шешуде бірінші кезекте «Online Dispute Resolution» атты арнайы еуропалық платформасы арқылы кәсіпкердің немесе тұтынушының шағымдану мүмкіндігіне назар аударылады.
Автор Германия мемлекетінің интернет желісінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы кәсіпкерлікті жүргізуде дамушы мемлекеттерге нағыз үлгі болып табылады деген қорытынды жасайды.