ШЕТ ЕЛДЕРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Авторлар

  • Айгерим Мангаздаровна Айтуарова

Кілт сөздер:

электрондық үкімет, электрондық әкімшілік ету, ақпараттық технологиялар, цифрландыру, деректерді қорғау, дербес деректер

Аңдатпа

Мақала неғұрлым дамыған елдердегі электрондық үкіметтің қызметін құқықтық реттеу тақырыбына және олардың даму үрдістеріне арналған.

Бүгінгі таңда әлемде үкіметті цифрландыруды, атап айтқанда: қызметті тиісті құқықтық базасымен, саясатымен және қағидаттарымен қамтамасыз ету; деректерді басқару және қорғау; сәйкестендіруді басқару және құпиялылық; сондай-ақ киберқауіпсіздік сияқты мәселелерді тиісінше басқару қажеттілігі туындайды.

Цифрландыру саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселесі Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін де, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін де өте маңызды. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарының бірі - цифрлық мемлекетке көшу болып табылады. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында мемлекет қызметінің барлық салаларына ақпараттық технологияларды енгізуді дамытуды қамтамасыз етуге және бір мезгілде халық үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті заңнамалық базамен қамтамасыз ету қажеттігі туындайды.

Мақала авторы түрлі авторлардың жұмыстарында "электрондық үкімет" терминінің әртүрлі анықтамаларына талдау жасады, электрондық үкіметті қолданудың негізгі артықшылықтары мен мақсаттары анықталды. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру құралы ретінде "электрондық үкіметті" қалыптастыру ерекшеліктері қарастырылады.

Мемлекеттік органдардың қызметіне цифрландыруды енгізу бойынша шет елдердің тәжірибесіне жүргізілген талдау негізінде автор Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруында ұқсас тетіктерді енгізу бойынша ұсыныстарды ұсынды. Осылайша, автор мынадай ұсынымдарды ұсынады: электрондық үкімет саласындағы ұлттық заңнаманы бірыңғай құқықтық актіге шоғырландыру; ақпараттық деректерді бақылау және қорғау, сондай-ақ ақпараттық деректерді қорғау құқығының бұзылуы туралы шағымдарды қарау жөніндегі органды құру; заңнамалық ұсыныстар бойынша азаматтық бастамашылық жүйесін енгізу.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2020

##submission.howToCite##

Айтуарова A. M. (2020). ШЕТ ЕЛДЕРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(61). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/181