АНТРОПОЦЕНТРИЗМ ҰСТАНЫМЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІСІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНА ТӨНЕТІН СЫН-ҚАТЕРЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_291Кілт сөздер:
еңбек құқығы, антропоцентризм, жасанды интеллект, цифрландыру, құқық субъектісі, робот, құқықтық субъектілік, еңбектің трансформациясы, құқықтық реттеу, интеллектуалдық жүйелерАңдатпа
Жасанды интеллект пен робототехника саласындағы қазіргі жетістіктер тек тапсырмаларды орындау қабілетімен ғана шектелмей, сонымен қатар шешім қабылдау, өзгермелі жағдайларға бейімделу және басқа субъектілермен өзара әрекеттесу мүмкіндігі бар технологиялық шешімдердің пайда болуына әкелді. Осыған байланысты зерттеушілердің алдында мұндай жүйелерді құқық субъектісі ретінде тану мүмкіндігі туралы мәселе туындайды.
Бұл зерттеу адамды жоғарғы құндылық әрі құқықтық реттеудің негізгі өлшемі ретінде танитын антропоцентризм ұстанымына негізделген. Философиялық-антропологиялық, салыстырмалы-құқықтық және функционалды-аналитикалық әдістерді қолдана отырып, автор цифрлық дәуірдегі дәстүрлі құқықтық түсініктің шектеулерін ашады және интеллектуалдық агенттерді еңбек құқығы субъектісі ретінде танудың мүмкін еместігін дәлелдейді. Зерттеуде адамның онтологиялық және құқықтық басымдығын сақтауға ерекше назар аударылып, интеллектуалдық жүйелердің еңбек құралы ретіндегі мәртебесін нормативтік тұрғыда бекіту бойынша ұсыныстар тұжырымдалады. Сонымен қатар, адамның технологиялармен өзара іс-қимылының қауіпсіздігін, тұрақтылығын және этикалық негізін қамтамасыз ету үшін еңбек заңнамасын жаңғырту қажеттігі негізделеді.
Автор еңбек құқықтық реттеу саласында адамның орнын технологиямен алмастыруға байланысты тәуекелдерге ерекше назар аударады және «техносубъектілерді» құру мүмкіндігін қарастыратын ғылыми тұжырымдамаларды келтіреді.
Мақалада интеллектуалдық жүйелерді еңбек құралы ретінде нормативтік тұрғыда бекітудің қажеттілігі негізделіп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне интеллектуалдық және роботтандырылған жүйелермен өзара әрекеттесу қауіпсіздігін реттеуге бағытталған нақты өзгерістер ұсынылған.
Мақалада еңбек құқығын бейімдеу антропоцентризмнен бас тартуға емес, керісінше, оны ұғымдық тұрғыда жаңартуға негізделуі тиіс деген тұжырым жасалады. Адам құқықтық жүйенің орталық тұлғасы болып қалуы қажет, ал технологиялар — оның еңбек әлеуетін іске асырудың құралы ретінде қарастырылуы тиіс.

