ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІН АЙҚЫНДАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Қайрат Еслямқалиұлы Исмагулов
  • Айгуль Куанышевна Курманова А
  • Динара Сердокқызы Қажмұратова

Кілт сөздер:

экологиялық заңнама, экологиялық қауіпсіздік, Қылмыстық кодекс, қылмыстық жауапкершілік, құқық бұзушылық субъектісі, заңды тұлға

Аңдатпа

Бұл мақалада авторлар экологиялық құқық бұзушылық субъектісін, соның ішінде арнайы субъектіні анықтаудың кейбір мәселелерін, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қарады.

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және экологиялық құқық бұзушылық деп танылған әрекетті анықтауға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15 – бабын қайта қарау ұсынылады. Адам өзінің өмір сүру ортасының табиғи ортасында әрекет етеді, оның ресурстарын тұтынумен қатар, табиғи ортаны өзгертіп, өзінің практикалық, экономикалық мәселелерін шешуге бейімдейді. Осыған байланысты адамның іс-әрекеті қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етеді, содан кейін ол адамның өзіне әсер етенін өзгерістерге ұшырайды.

Заңды тұлғалардың экологиялық, экономикалық қылмыстар және басқа да қауіпті әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылықты арттыру өзектілігін арттырады. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар құрылымында заңды тұлғалардың, ең алдымен қауіптің құрамы негізінде жасалған әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылықты қарастыру ұсынылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы зиянды салдарлардың туындау қаупін тудыратын адам өміріне және денсаулығына зиян келтіру қаупі, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өлу қаупі туындаған жағдайда заңды тұлғаларды жауапқа тартуды көздеуі керек. 

 

 

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2020

##submission.howToCite##

Исмагулов , К. Е., Курманова А, А., & Қажмұратова , . Д. С. (2020). ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІН АЙҚЫНДАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(60). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/200

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс