ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДА КЕМСІТУШІЛІККЕ ТЫЙЫМ САЛУ СТАНДАРТТАРЫ: ҚАЗАҚСТАНДА ИМПЛЕМЕНТАЦИЯЛАУ БОЛАШАҒЫ
Кілт сөздер:
дискриминация, жалдамалы еңбек, жұмыспен қамту, имплементация, теңсіздік, гендерАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген әлеуметтік қорғау нормалары іс жүзінде шынайы нақты қолданылуы жөніндегі проблемаларды қамтиды. Заң адамдарды әлеуметтік қорғаудың алуан түрлі жолдарын қарастырады. Зейнетақымен қамтамасыз ету, мұгедектігіне байланысты әртүрлі мемлекеттік көмек көрсету, қайырымдылық көрсету және тағы басқа заңнамамен шектелмеген нысандарда мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсету. Алайда, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың басты механизмі – оларды жұмыспен қамту болып табылады. Қоғамда белсенді азаматтардың мейілінше басым көпшілігін жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік жағдайты түзетуге, көтеруге болады, өмір сүру сапасын жоғарылатуға болады.Жұмыспен қамту конституциялық қағидаттарға сәйкес жүзеге асуы қажет.
Мақалада кемсітушілікке жол бермеу туралы конституциялық нормалардың талаптарын ұстаудың орындылығы көрсетіледі. Казақстанда конституциялық қағидалар еңбек қатынастарын реттеу барысында мейілінше сақталғанмен, бүгінгі күні алдыңғы қатарлы ЭЫДҰ мүше мемлекеттер деңгейіне жете алмауда. Сондықтан ЭЫДҰ мүше мемлекеттердің жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікке жол бермеу жөніндегі стандарттары Қазақстан үшін бағдар болуы шарт.
Мақалада төмендегілерге бағытталған авторлық ұсынымдар орын тапқан: ЭЫДҰ, ХЕҰ-ның жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті имплементациялау стандарттарын Қазақстанның құқықтық жүйесіне енгізуге бағытталған ұсыныстар;
алдыңғы қатарлы мемлекеттердің үздік тәжірибелерін жинақтауға негізделген ұсынымдарға сәйкес еңбек заңнамасын дамыту; адамның әлеуметтік-еңбек құқықтары кепілдігінің деңгейін бағалау үшін ЭЫДҰ ұсынатын индикаторларды пайдалану; инклюзивті еңбек нарығын құруға қатысты ұсыныстарды енгізу.