ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ ӨСИЕТ БОЙЫНША НОРМАЛАРДЫ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ ӨСИЕТ БОЙЫНША НОРМАЛАРМЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Кілт сөздер:
өсиет , ерлі-зайыптылардың бірлесіп жазған өсиеттері, біржақты мәміле, өсиетке қатысты бірнешетұлғалардың ерік білдіруі, өзара өсиет, өсиеттік бас тарту, ортақ өсиетАңдатпа
Бұл мақалада шет мемлекеттің, нақты Германия, Англия, Америка Құрама Штаттары, Эстония, Израиль елдерінің мұрагерліктің өсиет бойынша ережелерінде екі жақты мәміле бойынша да өсиет қалдыра алатыны қарастырылған. Олар бірнеше терминдермен аталады. Атап айтқанда: «Бірлесіп жазатын өсиет» терминімен қатар «ортақ өсиет», «өзара өсиет», «қарама-қарсы өсиет» терминдері қолданылады. Және олардың құқықтық табиғатымен, тәртібі мен ережелері, өзгертілулері мен тоқталу тәртіптері зерттелінген.Және бұл мақалада өсиетті бірлесіп жазатын ерлі-зайыптылар өзара келісе отырып, осы өсиеттің бірнеше салдарын анықтауға құқылы екені және олардың салдары мақалада қарастырылған. Германия елінде өсиет жазудың әсіресе ерлі-зайыптылардың ортақ жазатын өсиет түрі көп кездесетіні туралы да атап көретілген.Мақалада, сонымен қатар Англия мен Америка Құрама Штаттарында ерлі-зайыптылардың бірлесіп жазған өсиетімен қатар, және өзге де тұлғалардың арасында өзара жазылатын өсиетте қарастырылатыны баяндалады. Яғни, ерлі-зайыптылардан басқа да бірнеше тұлғалар өздеріне бірнеше міндеттемелерді ала отырып өзара өсиет қалдыра алатыны қарастырылған.Бұған қоса, ерлі-зайыптылардың бірлесіп жазған өсиетінің тоқтатылуының екі тәсілі қарастырылған, бірі – ерлі-зайыптыларының бірінің қайтыс болғанға дейін некелерін бұзуы болса, екіншісі - ерлі-зайыптылардың бірінің өсиетін орындауы болып табылады. Және мақалада өзара тәуелді бірлескен өсиет жайлы да сөз қозғалған, мұнда өсиет қалдырушылардың өкімдері өзара, яғни ерлі-зайыптылардың біреуінің өкімінің жарамдылығы екіншісінің өкімініңжарамдылығында болады.
Сонымен қатар, осы құқықтық қатынасқа қатысты бірнеше ғалымдардың зерттеулері келтірілген. Және автор осы зерттеулерге қатыстыөз пікірін білдірген. Яғни,авторбұл мақаладатұлғалардың тірі кезінде өсиеттің бірнеше түрімен өзіне тиесілі мүлікті өз ықтиярымен билік жасау өкімі туралы қарастырған. Жалпы ерлі-зайыптылардың бірлесіп жазатын өсиеті, жеке тұлғаның өзіне тиесілі мүлікке өкім жасаудың, яғни біржақты мәміле - өсиеттің және неке шартының орнын баспайтын, бірақ белгілі бір мағынада екі құжаттың қызметтерін біріктіретінін және кеңейтетінін қарастырады.