ЕАЭО-ДА ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЕРКІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ТАЛДАУ
Кілт сөздер:
Еуразиялық экономикалық одақ, уразиялық бірізділік, еңбек ету құқығын жүзеге асыру, Еуразиялық экономикалық комиссия, зейнеткелік жас, зейнетақы төлемдері, ғылыми дәреже, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, спортсмен легионерлер, көлік жүргізушілері, үйлесімділі, зейнеткер, Еуразиялық экономикалық одақтың сотыАңдатпа
Мақалада Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанынан бастап, осы одаққа мүше мемлекеттер арасында еңбек етушілердің тәжірибеде кездесетін мәселелеріне талдау жасалды. Еңбекшілердің ЕЭО аясында еркін еңбек етуін құқықтық реттеу мақаланың өзектілігін туындатады.
Зерттеу нәтижесінде мақаланың мақсаты ретінде, ұлттық заңнаманың ЕЭО келісіміне байланысты кездесетін келіспеушіліктері анықтап, оларды ЕЭО аясында келіссөздер жүргізу арқылы біріздендіру мәселесін алға қою саналды.
Еуразиялық экономикалық комиссияның атқарып отырған іс-шараларына талдау жасалынып, оларға қатысты кейбір ұсыныстар жасалынды. Атап өтетін болсақ, зейнетақымен қамсыздандыру мәселесіне байланысты қосымша кепілдіктердің орын алуының қажеттілігі қарастырылуы тиіс деген ұсыныстар жасалды. Сондай-ақ, ЕЭК ғылыми дәрежені мойындауға қатысты жұмыстары бойынша, орын алып отырған ашық сұрақтардың шешімін табуға байланысты мәселе қозғалды.
Еуразиялық экономикалық одақтың сотының тәжірибесінде қарастырылған спортсмен легионерлердің мәселесі қарасытырылып, олардың еңбек қатынастары мен еңбек қатынастарымен тығыз байланысты қатынастарға түсуі кезіндегі құқықтарын реттейтін ұлттық заңнамаларға талдау жасалынып, ЕЭО мүше мемлекеттер арасында ішкі заңнамада келісімге қарсы келетін норма жоқ екендігі анықталып, оның іс жүзінде тәжірибеде кеткен қателік екеніне құқықтық талдау жасалынып, ЕЭО сотының өз қызметін толыққанды атқарып отырғаны сипатталды.
Осыған ұқсас тәжірибеде орын алған, бірақ ЕЭО сотына жетпей, ЕЭК қарауына берілген тапсырма, Армян Республикасының көлік жүргізушілерінің куәлігін Ресей Федерациясында мойындамаудан туындаған мәселенің шешімін табу мәселесіне талдау жасалды.
РФ тарапынан неліктен бұл әрекетке барғанын анықтап, ішкі заңнамаға талдау жасаудың нәтижесінде ЕЭО келісіміне сәйкес, ішкі заңнамаға қатысты бірізділік жүргізудің қажеттілігі анықталды.
Зерттеу нәтижесінде ЕЭО мүше мемлекеттің азаматтарына еңбек етуіне кедергісіз жол ашу мен олардың осы одақ аясында толыққанды қорғалып отырғанын сезінетін жағдайлар туғызу қажеттілігі көрсетілді