ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ
Кілт сөздер:
экологиялық заңнама, инвестициялық қызмет, мемлекеттік бағдарламалар, жасыл экономика, айналадағы ортаАңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезінде айналадағы ортаны қорғауды құқықтық реттеудің, қолайлы айналадағы ортаны қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған.
Мақалада инвестициялық қатынастардың көпшілік сипатына назар аударылады, Қазақстан Конституциясының тиісті ережелері қаралды. Конституцияға сәйкес табиғи ресурстар мемлекеттің меншігінде болады, сонымен бірге жер заңда көзделген негіздерде, шарттарда мен шектерде жеке меншікте болуы мүмкін. Жерге қатысты, ажырамас кеңістіктік және өндірістік базис ретінде көпшілік бастаулар анық байқалады және бұл мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге байланысты.
Өнеркәсіптік инфрақұрылымды, жасыл экономиканы, адами капиталды, 4.0 индустрияны дамыту, білім экономикасын іс жүзінде қолдану, инвестициялық жобаларға ең озық қолжетімді технологияларды енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету қажет болып табылады. Автор айналадағы ортаға эмиссиялар туралы ресми деректерді ескере отырып, инвестициялық қызметтің перспективалық бағыттарына энергетикалық саланы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласын, экологиялық тиімді мінез-құлықты қалыптастыру үшін халықты ақпараттандыруды жатқызады. Бұл ретте көпшілік салада ауқымды оң өзгерістер үшін мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылдаудың маңыздылығы атап өтіледі.
Мақалада инвестициялық қызметті қолдау жөніндегі шараларды, сондай-ақ адам, оның денсаулығы үшін айналадағы ортаның қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі ережелерді қамтитын мемлекеттік бағдарламалар қарастырылған.
Жүргізілген зерттеу негізінде инвестициялық қызметті реттеуде көпшілік бастаулар, мемлекеттік, әлеуметтік мүдделерді сақтау және қолайлы айналадағы ортаны қамтамасыз ету қажеттілігі бөлінді. Ақпараттық технологияларды пайдалану, жұртшылықтың ақпаратқа қол жеткізуі, Қазақстан Республикасындағы халықтың аурушаңдығы, биоәртүрлілік, криминогендік жағдай, инновациялық және инвестициялық белсенділік туралы мәліметтермен айналадағы ортаға эмиссиялар туралы деректердің ықтимал корреляциясын анықтау үшін жүйелік талдау және мониторинг жүргізу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар жасалды.