ЗАҢ ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖАРИЯЛЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НОРМА ШЫҒАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАЛЫҚ ТҮЗЕТУЛЕР ҚАБЫЛДАУ ТҰРҒЫСЫНАН ҒЫЛЫМИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САРАПТАМАНЫ ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_64_1_13Кілт сөздер:
заң шығару процесі, ғылыми құқықтық сараптама, реттеушілік саясаттың консультативтік құжатыАңдатпа
Мақалада заң жобалау қызметін жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы заң жобаларының ғылыми құқықтық сараптамасын одан әрі дамыту мәселелері қарастырылады. Автор ғалымдардың теориялық және ғылыми-практикалық ұстанымдарын және уәкілетті органдардың қалыптасқан тәжірибесінің нәтижелерін негізге ала отырып өзекті мәселелерді шешуге назар аударды.
Автордың бұдан бұрын әзірлеген ғылыми ұсынымдары мен ғылыми-практикалық ұсыныстарын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 12 наурызда № 15-VII қабылданған Заңына ұсынған талдауы қызықты болып табылады. Мақалада автордың пікірінше, заң жобалау қызметіндегі жариялылыққа, ғылыми құқықтық сараптама сарапшыларының рөлін нығайтуға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін қорғауға қатысты сәтті заңнамалық шешімдер талданады.
Қазақстан Республикасы Электрондық үкіметінің «Ашық НҚА» порталының, Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның маңыздылығына назар аударылып, заң жобалау жұмысының жариялылығын қамтамасыз етудің негізгі мәселелері баяндалады.
Аталған Заңда норма шығаруды жетілдіру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген реттеушілік саясаттың консультациялық құжатының елеулі сипаттамалары қарастырылған.
Заң жобаларын ғылыми құқықтық сараптаудың жаңғыртылған тетігін үйлестіру жөніндегі жұмыстың ерекшелігі мен мазмұнын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының құзыреттері мен ғылыми әлеуетінің кешенді сипаты атап өтіледі.
Көрсетілген Заңда көзделген ғылыми құқықтық сараптама моделінің басты артықшылықтарын, ақпараттық жүйенің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастырыла отырып, одан әрі жұмыс істеуінің перспективалық аспектілерін бөледі.