ЛАТЫН ҚАРПІНЕ ӨТУДІҢ ТЕРІС ЖӘНЕ ОҢ САЛДАРЫ

Авторлар

  • Ляззат Султанмуратовна Турганбаева
  • Татьяна Сергеевна Еременко

Кілт сөздер:

латын әліпбиі, латын графикасы, кириллица, рухани жаңғыру

Аңдатпа

 Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген көкейкесі мәселенің бірі – латын графикасына көшу болып табылады. Бағдарламалық мақалада 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігі және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да сол графикамен жазылуы тиіс екені айтылып, сонымен қатар Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасау тапсырылды. Біраз талқылаулардан, сараптамадан өткеннен кейін жаңа әліпбидің үлгісі де шығарылып үлгерді. Сол  латын әліпбиіне көшу мәселесіне пікір білдірген кейбір мамандардың айтуынша шет тілінен, орыс тілінен алынған сөздерді өзгертпей сол қалпында қалдыру ұсынылады, ал бір мамандар керісінше бүкіл сөздерді қазақшалауға сәт туып отыр деген пікір айтуда. Дегенмен уақыт келе жаңа үлгідегі әліпби көптеген ғылыми зерттеулер, практикалық тәжірибелер арқылы тіліміздің тұрақты  қалыптастырылған әліпбиі болатыны сөзсіз.

Ендігі міндет сол латын әліпбиін мемлекеттік тілде қолдануға көшу. Әрине, қалыптасып қалған әліпбиді радикалды түрде өзгерту оңай емес және оны іске асыруда алда шешілуге тиіс көптеген  проблемалар бар және олар осы мақалада санамалап көрсетілген.

Автор мақалада қазақ тілі әліпбиінде орын алған  реформалардың негізгі кезеңдерін, оларды жүргізу себептерін баяндаған. Мақалада латын әліпбиіне көшуге қарсылық білдірген көпшілік қауымның сын-пікірлері санамаланып, автор оларға өз көзқарасын білдірумен латын графикасына көшудің оң нәтиже беретін негіздемелер келтірілген. 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2019

##submission.howToCite##

Турганбаева, Л. С. ., & Еременко, Т. С. . (2019). ЛАТЫН ҚАРПІНЕ ӨТУДІҢ ТЕРІС ЖӘНЕ ОҢ САЛДАРЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(58). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/226

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан