ЗАМАНАУИ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ: САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_67_4_40Кілт сөздер:
бизнес, университеттік кампус, жер алқаптары, заңнама, реформаАңдатпа
Бұл мақалада жаңа университеттік кампустар құру үшін мемлекеттік қордан ірі жер учаскелері бөліну қажеттігі және осы арқылы Қазақстанның жоғары білім саласын жаңа сатыға шығару мүмкіндігі қарастырылды. Жер туралы заңнамаға толықтырулар енгізу арқылы елімізде университеттердің кәсіпкерлік әлеуетін көтеруге және сырттан қаржы тартып, бизнес компанияларымен әріптестік орнатуға, қаржылық автономиясы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге болатыны көрсетілді. Әлемдік деңгейдегі университеттік кампустар қалыптастыруға олардың орналасқан жері, сол өңірдің климаттық және табиғи жағдайы, халық саны және олардың жергілікті бизнес компаниялармен әріптестік орнатуы маңызды екені айтылды. Заманауи университеттер салудың ерекшеліктерін түсіну үшін тарихи әдіс қолдану арқылы АҚШ пен Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы университеттерінің қалыптасуы және оған әсер еткен негізгі заңнамалық реформалар мен саяси шешімдер қарастырылды. Қазақстан Республикасының жоғары білім саласындағы көрсеткіштер шетелдердің озық тәжірибесімен салыстырмалы талдау әдісі арқылы қарастырылды. Зерттеу барысында құжаттамалық талдау әдісі мен қайталама деректерді талдау қолданылды. Мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан үкіметтің құқықтық актілері мен жоғары білімді дамытуға қатысты мемлекеттік бағдарламалардағы негізгі индикаторлар талданды. Заманауи университет құру үшін оның жанында ірі көлемде жер алқаптарының болуы және ол жерде жоғары технологиялық компаниялар қалыптастыру, сондай ақ ол жерлерді бизнес компаниялар мен өзге де ұйымдарға жалға беру қажеттігі ұсынылды. Жаңа университетің ұйымдастырушылық және қаржылық автономиялығын қамтамасыз ету үшін бизнес пен өнеркәсіп компанияларының өкілдерін басқару органдарына мүше ретінде тарту ұтымды екені анықталды. Батыс елдері университеттерінің тәжірибесі негізінде университеттерге сырттан қаржы тартуда филантроптық қызметтің тиімді екені көрсетілді.