ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГТІ ДАМЫТУДЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Авторлар

  • Әсел Ғабиденқызы Қазбаева
  • Назгуль Нурлыбаевна Омарова

Кілт сөздер:

нормативтік құқықтық актілер мониторингі, құқықтық мониторинг, заңнама және құқық қолдану мониторингі, құқықтық актілер, заңнама тиімділігі, бағалау және болжау

Аңдатпа

Мақалада 2019 жылы Құқықтық мониторинг орталығының жұмыс жоспарында бекітілген «Заңнама және заң салаларын жетілдірудің қажетті шарты ретінде заңдардың іске асырылуының тиімділігін бағалау» тақырыбындағы қолданбалы ғылыми зерттеу шеңберінде зерделенетін құқықтық мониторингті жетілдіру мәселелері қарастырылған. Жұмыста  «құқықтық мониторинг» ұғымы салаланып, нормативтік құқықтық актілер арқылы іс жүзінде қолдану перспективалы құқықтық құрылымдар айқындалған. Мұндай зерттеу Қазақстандағы заң ғылымының саласында жаңа бағыт болып табылады. Сонымен қатар, мақала құқықтық институт ретінде құқықтық мониторингтің құқықтық табиғаты мен құрылымы мәселелерін айқындайды.

Заң шығару қызметінің қарқынды даму үрдісінің үздіксіз жалғасып келе жатқаны тұрғысынан заңнама жүйесін дамытудың қазіргі кезеңінде құқықтық актілерді уақтылы жаңартып, оларды реттеп отыруды қажет етеді. Бұл міндеттер өте маңызды және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен бекітілген 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін іске асыру аясында аса өзекті болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг жүргізу практикасын талдай келе заңнама мониторингі функциясы мен құқық қолдану практикасы әлі де жетілдіруді талап ететіндіктен осы қызметтің мақсаттары мен міндеттері әлі де болса толық көлемде орындалмайтынын көрсетіп отыр.

Бұл мақала  құқықтық мониторинг жүргізу процесінде мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелерін шешуге, еліміздегі қолданыстағы заңнаманың тиімділігін бағалауға және болжауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жетілдіру мәселелеріне бағытталған. Құқықтық мониторингті жан-жақты зерделеу осы бағытта заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды таңдауда нормативтік құқықтық актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу сатысында да, ынтымақтастық тұрғысынан да ғылыми негізделген тәсілдерді әзірлеуге негіз болды. Жұмыста құқықтық мониторинг жүргізуде қоғамдық пікірді ескеру, оның ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғарғы оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттарының және орталықтардың, сондай-ақ заңнаманы дамыту бойынша тәжірибе алмасу мақсатында азаматтарды тартуды көздейтін құқықтық мониторинг жүргізу сапасының маңыздылығына назар аударылады. Авторлар алынған корытындылар негізінде құқықтық мониторинг институтының негізгі құрылымдық элементтерін жүйелеуге тырысқан, сондай-ақ оны перспективалық тұрғыдан оңтайландыру жөніндегі практикалық ұсыныстары берілген[1].

 

[1] Қазбаева Ә.Ғ. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингіндегі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жүргізілетін қоғамдық мониторингтің рөлі мен маңызы // Қазақстан Республикасы Заңнама институтының Жаршысы ғылыми-құқықтық ж-л № 3 (44) 2016 ж. – 78-82-б.: Журналдың электрондық нұсқасы: http://www.adilet.gov.kz/sites/default/files/leaflets/vestnik_no344-_2016_na_sayt.pdf

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2019

##submission.howToCite##

Қазбаева, А. Г. ., & Омарова, Н. Н. (2019). ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГТІ ДАМЫТУДЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(56). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/277

Журналдың саны

Бөлім

Құқықтық мониторинг