АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Кілт сөздер:
қылмысқа қарсы іс-қимыл, ақпараттық жүйелер, киберқылмыстылық, киберқауіпсіздік, Киберқауіпсіздік бойынша Еуропалық конвенцияАңдатпа
Мақалада ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы жасалған қылмыстарға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралған. Соңғы үш жылдағы құқықтық статистикалық мәліметтерге талдау жасау нәтижесінде жағымсыз үрдістер анықталды, оларды заң ғылымы ғалымдарының пікірлері дәлелдеді. Киберқылмыстылыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру мәселелеріне статистикалық көрсеткіштер айғақ болып отыр. Жаңа компьютерлік технологиялар саласында арнайы ілімнің жоқтығы мен құқық қорғау және сот органдары қызметкерлері біліктілігінің жетіспеуі аталған санаттағы қылмыстарды тиісті түрде саралауға және тергеуге септігін тигізеді. Осыған байланысты авторлар Қазақстанның құқық қорғау органдарындағы киберқылмыстарды тергеу бөлімі құрамында орналасатын мамандандырылған бөлімшені, сондай-ақ тәулік бойы ақпараттық сүйемелдеуді, әшкерелеуді жүзеге асырушы жедел-техникалық бөлімшені құруды ұсынады. Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарды тергеу бойынша ғылыми негізделген және апробацияланған тактикалар мен әдістер, ұсынымдар мен түсіндірмелердің, сондай-ақ киберқылмыстар бойынша жинақталған сот тәжірибесінің жоқтығы аталған санаттағы қылмыстарды тергеу тиімділігінің төмендігін көрсетеді. Аталған мәселелермен қатар, шет мемлекеттер аумағында мәліметтер мен дәлелдемелер алуда құзырлы органдармен халықаралық ынтымақтастықтағы қиындықтарды авторлар ерекшелейді. Қолданушылар жөнінде мәлімет алу үшін YouTube, Facebook, Instagram, Whatsapp, Twitter және т.б. әлеуметтік желілердің ресми өкілдерімен өзара іс-қимыл мәселелері өте маңызды болып отыр. Компьютерлік қылмыстар туралы Еуропалық конвенцияны қабылдау пайдалы тәжірибелердің бірі болады, шет мемлекеттерден мәліметтерді жедел түрде алуға мүмкіндік береді. Авторлар ұлттық заңнамаға қайшы келетін баптарға түсіндірме жасай отырып, оны ратификациялауды ұсынады. Мақалада киберқылмыстарға қарсы іс-қимылды ұйымдастырудағы жекелеген шет елдердің пайдалы тәжірибесі баяндалады. Зерттеу нәтижелері бойынша авторлар құқық қорғау қызметі тиімділігін арттыру жөнінде ұйымдастыру-құқықтық сипаттағы тұжырымдар жасайды.