МЕДИАЦИЯ - ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ҚАЖЕТТІГІ
Кілт сөздер:
медиация институты, принциптері, азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізу, татуластыру рәсімдері, дауларды және жанжалды шешу, соттін істі қарауыАңдатпа
Бұл мақалада медиацияны құқықтық реттеу қарастырылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында тиімді медиация институтын құруға және дамытуға ықпал ететін, медиация институтының түсінігі, мақсаттары, міндеттері, принциптері, азаматтық, қылмыстық сот өндірісіне медиация институтын енгізу қарастырылады. Қазақстан Республикасында медиация институтын құру тарихы сипатталған.
Медиация институтының сот тәжірибесін талдау соңғы онжылдықтарда медиация өте қарқынды дамып келе жатқанын және халықаралық қоғамдастықтың дауларды шешудің әмбебап тәсілі ретінде қабылдайтынын көрсетті. Осылайша, медиация рәсімінің артықшылығы айқындалады, кейбір проблемалық мәселелер қозғалды.
Бұдан басқа, зерттеу тақырыбы бойынша заңнамалық базаны зерделеу барысында медиация саласындағы заңнамалық актілердің мониторингі жүргізіліп, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау арқылы бірқатар заң актілеріне түзетулер енгізілгенін көрсетті. Осыған байланысты құқықтық жүйе саласында қабылданған жаһандық реформалардың мысалдары келтірілді: олардың негізінде Қылмыстық кодекстің және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің, Азаматтық іс жүргізу кодексінің және Әкімшілік кодекстің жаңа редакциялары қабылданды.
Мақалада қарама-қайшы қатынастарға қатысушыларға білікті көмек көрсету, олардың арасында туындайтын дауларды реттейтін медиацияның әлеуетін іске асыру үшін медиацияны кәсіби қызметтің тәуелсіз түрі ретінде қарастыру ұсынылады.