ОТБАСЫ - ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕР: ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕУ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ПРАКТИКА
Кілт сөздер:
заңсыз әрекеттер, отбасы-тұрмыстық қатынастар, құқықбұзушылық құрамының белгілері, әкімшілік практикаАңдатпа
Қазіргі заман талабына сай Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын реформалаудың мәні тұлғаға қарсы жасалған əкімшілік құқықбұзушылыққа қарсы тұрудың негізгі үрдістерін талдаудың ғылыми жəне практикалық тұрғыдағы маңыздылығында болып отыр. Мақала, Қазақстан аумағында қолданыстағы ережелерде «Отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер» әкімшілік құқық бұзушылық құрамының реттелу ерекшеліктерін қарауға арналған. Осы құқық бұзушылыққа қарсы әрекет етудің қазіргі жай-күйін анықтау үшін авторлар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 2014 жылғы 5 шілдедегі нормаларын салыстырмалы түрде зерделейді.
Әкімшілік заңнамадағы жалпыға заңдылықтар мен тұлғаға қарсы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша енгізілген өзгерістерге талдау жасалды, атап айтқанда: қоғамдық қауіпті әрекеттерді криминализациялау; Кодекстің Ерекше бөлімі жүйесіндегі әкімшілік құқықбұзушылықтар құрамдарының орнының өзгеруі; жаңа тарау бөлінуі. Зерттеудің нысаны 2015-2018 жылдарға арналған отандық әкімшілік тәжірибелерді талдау негізінде отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттерге қарсы тұрудың тиімділігі болып табылады. Зерттеудің негізгі пәні «Отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер» әкімшілік құқықбұзушылығының құрамы болып табылады. Зерттеудің мақсаты әкімшілік практикада аталған құқықбұзушылық құрамның жалпы заңдылықтармен қалыптасқан және құқықтық реттеулін негізге ала отырып, отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттерге қарсы іс-қимылдың тиімді үлгісін құру болып табылады.
Зерттеу мәселесінің пәнаралық сипатын ескере отырып, жұмысты жазуда диалектикалық, формалды-логикалық, салыстырмалы құқықтық, статистикалық, тарихи-құқықтық зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеудің эмпирикалық базасы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің, Жоғарғы Соттың ақпараттық материалдарымен (Сот кеңсесінің іс жүргізу процедуралық құжаттары, Форум «Талдау»), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің статистикалық деректерімен құрастырылып қалыптастырылды. Заңға қайшы әрекеттерді тікелей талдау отбасы және тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттердің ерекшелігін анықтауға мүмкіндік берді: субъектілер мен жәбірленушілер арасындағы өзара қарым-қатынас, ахуалдық сипат (ситуационный), осы әрекеттердің бірнеше рет жасалуы, тараптардың татуласуына байланысты іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың таралуы.