ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕР МЕН ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАТТАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_45Кілт сөздер:
әкімшілік pәciм, әкiмшiлiк пpoцеcc, заңдылық, әділдік, әкiмшiлiк сот icін жүpгiзy, қaғидaттap, бacқapy пpoцеci, мөлшерлестілік, әкімшілік қалаАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі әкімшілік сот ісін жүргізудің жағдайы талданып, оның мәні, міндеттері мен қағидаттарының негізгі тәсілдері қарастырылады. Авторлар Қазақстан Республикасындағы әкімшілік рәсімнің мазмұны мен мәнін теориялық түсіну мәселелеріне арналған әкімшілік ғалымдардың ұстанымдарын талдайды. Сондай-ақ, әкімшілік рәсімнің мәнін түсінудің әртүрлі тәсілдеріне талдау жасалады. Әкімшілік рәсімдер ұғымының әкімшілік істерді қарау кезінде маңыздылығына тоқтала келіп, әкімшілік органдардың жекелеген істерді қарау және шешу жөніндегі қызметі үшін әкімшілік құқық нормаларымен белгіленген рәсімдер, олардың нәтижесі жекелеген әкімшілік іс-әрекеттерді шығару және де тек орындау шеңберінде болатынын атап өтеді. Сырт мемлекеттің әкімшілікрәсімдер туралы заңнамаларының қағидаларына салыстырамалы талдау жасалды.
Әкімшілік рәсімдер мен қағидаттарды зерделеудің өзектілігі, әкімшілік органдар мен жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудегі олқылықтарды анықтау, әкімшілік органдардың өз функцияларын іске асыруы үшін бірыңғай процестік ережелердің республикалық және өңірлік деңгейлердегі құқықтық интеграциясы болып табылатындығында. Қоғаммен өзара әрекеттесу қағидатының болмауына байланысты бұл жағдай азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін барабар емес құқықтық кепілдіктердің нәтижесі болып табылады.
Мақалада әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары зерттеліп, қағидаттарға тән белгілері теориялық тұрғыда талданады. Қағидаттарды талдау барысында қазіргі қоғам мен мемлекеттің аккредиттеу органдары мен соттардың әкімшілік істерді қарау және шешу жөніндегі қызметінің мақсаттары, әдістері мен құралдары туралы аталады. Сонымен қатар, әкімшілік рәсімдерге қатысты шетелдік тәжірибені қарау кезінде ұсыныстар берілді.