ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЖАРИЯ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАН ТУЫНДАЙТЫН ӘКІМШІЛІК ДАУ НЫСАНАСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАСЫН ҚОЮ ЖАЙЫНДА

Авторлар

  • Бағдат Қабылқадырұлы Нұрғазинов
  • Нурзада Маханбетович Примашев

Кілт сөздер:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі, әкімшілік акт, әкімшілік дау, әкімшілік және өзге де жария-құқықтық даулар, жария-құқықтық қарым-қатынастар

Аңдатпа

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген   «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейін кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында» әкімшілік құқықты одан әрі дамытуда мемлекеттің азаматтармен және мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынастарында біржақты-биліктік қағидаттарынан бас тарту қажет деп көрсетілген.

Жария функцияларды өзіндік қызметтік міндеттерін орындау кезінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өкілдері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ өзге де ұйымдар немесе тұлғалар адамның құқықтары мен бостандықтарын шектемеуі керек, ал оларды бұзу заңмен көзделген жауаптылыққа әкеліп соқтырады.

Тәжірибеде мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге, азаматтармен немесе ұйымдармен, яғни жеке және заңды тұлғалармен даулы құқықтық қатынастардың туындауына әкелуі мүмкін биліктік өкілеттіктер қолданылады. Қазіргі күні мұндай даулар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарастырылады.

Қазақстанда азаматтық процестік заңнама жария немесе әкімшілік дауларды шешу үшін соттарға жүгінетін азаматтарды қажетті деңгейде қанағаттандырмайды.

Мұндай әкімшілік не өзге жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешу үшін қоғам мен мемлекетте оларды «соттар мемлекеттік органдарды заң бойынша жұмыс істеуге мәжбүр етті. Адамдардың құқықтарын құрметтеуге, және онда адам құқықтары кем бұзылады. Шенеуніктердің тәртіптерін өзгерткен» бірқатар посткеңестік елдердің тәжірибесі негізінде шешетін арнайы соттық және тиімді соттан тыс тетіктерді құру қажеттігі туындады.   

Әкімшілік рәсімді жүзеге асыратын әкімшілік орган – өтініш беруші мен мүдделі тұлғаның арасындағы туындайтын әкімшілік немесе өзге де жария-құқықтық дау кезінде әкімшілік акт негізгі құжаттардың бірі болып табылады. Сондықтан әкімшілік және өзге де жария-құқықтық қатынастар туындаған кезде әкімшілік акт ұғымын ашу маңызды мәңге ие болады.

Осыған байланысты мақалада Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасына енгізілуі мүмкін әкімшілік дау мен  әкімшілік акт ұғымдарының авторлық анықтамалары ұсынылып отыр. Авторлардың пікірі бойынша бұл Қазақстан Республикасында әкімшілік сот ісін жүргізуде осы ұғымдардың түсінігін дәлірек нақтылауға мүмкіндік береді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Нұрғазинов, . Б. К., & Примашев , . Н. М. (2018). ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЖАРИЯ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАН ТУЫНДАЙТЫН ӘКІМШІЛІК ДАУ НЫСАНАСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАСЫН ҚОЮ ЖАЙЫНДА. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(53). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/341

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық