ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ИНСТИТУТЫН РЕСМИ ТҮСІНДІРУ ПРОБЛЕМАСЫсы
Кілт сөздер:
мәжбүрлеу, санкция, халықаралық құқық, халықаралық тәртіп, азаматтық сот өндірісі, жауапкершілік, реторсии, репрессалии, өзіне-өзі көмектесуАңдатпа
Бұл мақалада авторлар халықаралық және ұлттық құқықта мәжбүрлеу институтынің мәнін және мазмұнын қарастырады. Ғалымдардың осы институттың бар екендігі туралы тұжырымдары мен көзқарастары және оны халықаралық құқықта қолдану шаралары зерттеледі, себебі мәжбүрлеу институты халықаралық бұқаралық құқықтың тәуелсіз институты болып табылады.Қазақстандық заңнамада мәжбүрлеу институты жеке және заңды тұлғалардың мүліктік құқықтарына (азаматтық заңнамадағы), сондай-ақ процестің қатысушылары үшін қолданылатын санкцияларға және басқа тұлғаларға іс жүргізу барысында заңсыз әрекеттерге (азаматтық процестік құқықта) әсер ету ретінде қарастырылады.Яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде немесе Азаматтық процестік кодексінде мәжбүрлеу тұжырымдамасын нақты және толық анықтауы жоқ.Түрлі түсіндірулерді болдырмау үшін, осы тұжырымдаманы әртүрлі вариацияларда қолдану үшін жоғарыда аталған нормативтік актілерге мәжбүрлеу институтынің анықтамасын енгізу қажет.
Халықаралық құқық нормаларын іске асыру тетігі тән ерекшелігі бар: заңды негізде мемлекеттерді халықаралық шарттар нормаларын ұстануға және сақтауға мәжбүр ете алатын бірыңғай мәжбүрлеу аппараты жоқ.Сондықтан, мәжбүрлеу тетігі жеке-дара негізде, егемен мемлекеттердің қарсы шаралар арқылы немесе халықаралық ұйымдар тарапынан халықаралық құқықтық санкцияларға негізделген шаралар кешенін қолдана отырып жүзеге асырылады.
Осыған байланысты жұмыста «өзін-өзі қамтамасыз ету» түсінігі мемлекеттер өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ең тиімді және ұтымды шараларды қолдану құқығы ретінде қарастырады.Алайда, осы құқықты іс жүзінде іске асырузардап шеккен тараптың мүдделерін бұзған халықаралық құқық субъектісіне зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау болдып табылады.Сондықтан, осы жұмыста мемлекетте, халықаралық қоғамдастықта реторсияларды қолданудың заңдылығы мен практикалық іске асырылуы туралы мәселе қаралуда.