КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІК МОНИТОРИНГІСІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
реформа, конституция, государственная власть, полномочия, парламент, закон, законодательство, право, мониторингАңдатпа
Мақалада 2017 жылы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентімен ұсынылған мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты реформаның кейбір ережелері қарастырылады.
Президенттің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен әрекет етуші заңнамасына сәйкес қазіргі уақытта иеленетін 40 жуық өкілеттігін Үкімет және Парламентке тапсырып беру ұсынылады. Елдің Парламенті бірқатар қосымша өкілеттіктерді алатындығы ескеріледі. .Олардың арасында, Үкіметтің өз қызметі үшін тек Республика Президентінің алдында ғана емес, Парламент Мәжілісі мен Парламенттің алдында да жауап беруі сияқты өкілеттіктерді атап айтуға болады. Сонымен қатар, оларға Үкіметтің жаңадан сайланған Республика Парламенті Мәжілісінің алдында өз өкілеттіктерінен босауы да жатады.
Мақала авторы, жарияланған заң жобасына сәйкес, мемлекет Басшысының заң күші бар заңдар мен жарлықтарды шығару өкілеттіктерін тоқтататындығына назар аударады. Бұндай жаңа ереже Парламент елдің жалғыз заңшығарушы органы болып қалуына, сонымен бірге Парламент құрылымында Сенат рөлінің өсуіне жеткізеді. Парламенттің Сенат Палатасы, Мәжілістің таралуына байланысты оның уақытылы болмаған жағдайда, елдің барлық заңшығарушы органның рөлін атқарады.
Автор Парламентпен қабылданатын заңдардың сапасын жетілдіру үшін нормативті құқықтық актілердің парламенттік мониторингін енгізу қажет деп санайды. Мақалада құқытық мониторингті жүргізудің механизмі ұсынылған.
Мақаланың авторы ескеретіндей, парламенттік мониторингті өткізуде жұмыс тобын Парламент Палаталарын (Сенат пен Мәжілісті) өкіл ететін екі қосарлас төраға басқара алады. Топтың құрамына екі Палатаның басқа депутаттары кіре алады, екі Палата Аппараттарының қажетті қызметкер саны қосылады, сонымен қатар қоғамдық және ғылыми ұйымдар, азаматтар қатыстырылады.